25.12.2007, 15:08 2988

Қазақстандағы коммуналдық желілерді модернизациялауға 300 млрд теңге қажет - Оразбақов

Қазақстандағы коммуналдық желілерді модернизациялауға 300 млрд теңге қажет - Оразбақов

Астана. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы коммуналдық желілерді толық модернизациялауға 300 млрд теңге қажет. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов үкіметтің отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Икімшіліктердің мәліметінше, инженерлік желілерді, электр, жылу және су қамтамасыздығы жүйелері мен кәріз жүйелерін жөндеуге қажетті қаржы көлемі 300 млрд теңгеден асады", - деді министр. Оның айтуынша, "бірақ, бұл сандарды нақтылау қажеттігі тууы да мүмкін".

"Коммуналдық қызметердің сапасы қазіргі 60-70 % шамасында, тіпті кейбір өңірлерде 90%-ға жуық тозығы жеткен инженерлік желілерді жөндеу және реконструкциялау қажеттігімен тығыз байланысты. Соның салдарынан техникалық шығындардың орташа деңгейі 35%-дан асады. Инженерлік желілерде апаттық деңгейдің жоғарылығы да осыдан", - деді Ғ.Оразбақов.

"Келтірілген мәліметтерге сәйкес, бюджет қаржысының есебінен қосымша желілерді тарту арқылы халықты коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін көтеру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ, коммуналдық қызметтер көрсететін қазіргі бар кәсіпорындарды дамыту мен жаңасын құруға ынталандыру қажет деп санаймыз", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны