21.01.2010, 13:48 3572

Қазақстандағы мемлекеттік кәсіпорындардың жартысынан астамы шығынды жұмыс істейді - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Қазақстандағы мемлекеттік кәсіпорындардың жартысынан астамы шығынды жұмыс істейді - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Астана. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстандағы мемлекеттік кәсіпорындардың жартысынан астамы шығынды жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мекеме басшысы Мәжит Есенбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бір өкінерлігі, мемлекеттік кәсіпорындардың жартысынан астамы нәтижесіз, шығынды жұмыс істейді ", - деді М. Есенбаев.

Оның бағалауынша, сол арқылы нарықта бәсекелестік шектеліп, "бюджет қаржысын тиімсіз пайдалану үрдісі жүргізіліп жатыр".

Агенттік басшысының ақпаратына сәйкес, "2008 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінен түсетін дивидендтер түсімі 1 млрд 620 млн теңгені құрады, бұл мемлекет тарапынан оларды ұстауға жұмсалған шығындардан 57 есе төмен, ал ұстау шығындары 87,5 млрд теңгені құрады".

Сондай-ақ, агенттік төрағасының айтуынша, мемлекеттің экономикаға араласу үлесі азаймай отыр. 2006 жылмен салыстырғанда мемлекеттік кәсіпорындар саны 10%-ға өсті. Сондай-ақ, оның бағалауынша, мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңға енгізілген нормалар жасырын монополия түзуде, өйткені, заңға сәйкес сатып алуды мемлекеттік органдар бір көзден іске асыруға тиіс.

"Мемлекеттік 11 кәсіпорынның қызметінің бағасы жеке меншік сектордың қызметінің құнынан асып түсуде", - деді М.Есенбаев.

"Мемлекеттік органдар мекемеге бағынышты кәсіпорындар құратын және оларды құру үшін жеке бюджеттік бағдарлама жасалатын жайттар да бар", - деді мекеме басшысы.

Оның хабарлауынша, бұған қоса, агенттікке шағымдана келген көптеген нарық субъектілері, шағын және орта бизнес өкілдері "өздерінің жабық тендерлерге шыға алмай отырғанын, оларда әлдеқашан жеңімпаз анықталып қойғанын және негізінен мемлекеттік кәсіпорындар жеңімпаз атанаып жататынын айтады". Осыған байланысты М. Есенбаев "осы проблеманы жою үшін" үкіметке ұсыныс енгузуге уәде берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны