30.10.2007, 15:19 6680

Қазақстандағы Жалпы ішкі өнімінің өсу деңгейі 2007 жылдың 9 айында 10,1 пайызды құраған - Экономика министрлігі

Қазақстандағы Жалпы ішкі өнімінің өсу деңгейі 2007 жылдың 9 айында 10,1 пайызды құраған - Экономика министрлігі

Астана. 30-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы Жалпы ішкі өнімінің өсу деңгейі 2007 жылдың 9 айында 10,1 пайызды құраған. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында сөз сөйлеген экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Еліміздің үстіміздегі жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы экономиканың негізгі маңызды көрсеткіштерінің динамикалық өсуінің сақталғандығын көрсетіп отыр. 9 айды қосқанда Жалпы ішкі өнімнің өсуі 10,1 пайызды құраған",- деді Б. Сұлтанов.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, осы кезеңде "негізгі капиталға салынған инвестиция 11,9 пайызға өскен". "Сондай-ақ, инвестицияның негізгі бөлігін - 85,4 пайызын - жеке секторлар мен шетелдік кәсіпорындар қаржысы құрап отыр, ал мемлекеттік сектордың үлесінде - 14,6 пайыз",- деп қосты ол.

"Жеке тұтыну деңгейі де өте жоғары қарқынмен өсті, бұл бөлшек тауар айналымының өсуімен сипатталады. Яғни, 9 ай ішінде аталмыш көрсеткіш 10,5 пайызға өскен, ал жеке тұтынудың өсуі 10,7 пайызды құраған",- деп атап өтті Б. Сұлтанов.

Экономика министрінің мәліметтеріне сүйенсек, "үстіміздегі жылдың 8 айындағы тауар экспорты номиналдық көрсеткіште 22,9 пайызға өскен, ал нақты көрсеткіште - 13,6 пайызды құрайды". "Сонымен қатар, жоғарғы ішкі сұраныс импорттың күрт өсуіне негізделген, ол номиналдық көрсеткіште 45,2 пайызға, ал нақты көсеткіште - 23,4 пайызға өскен",- деп түсіндіріп өтті министр.

Экономика министрі сондай-ақ "құрылы, қаржылық қызмет көрсету, көлік және сауда қызметін көрсету, сауда салаларының да жылдам қарқымен дамығандығын" атап көрсетті. Яғни, 2007 жылдың 9 айында "құрылыс және қаржылық қызмет көрсету жалпы ішкі өнімнің өсуінің 45,2 пайызын қамтыған, ал өткен жылы олардың үлесі 37,5 пайызды құраған болатын".

Ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 8,1 пайызға өскен. Өнеркәсіп өнімінің өсімі 4,7 пайызды құраған, соның ішінде тау-кен өнеркәсібі өнімінің өсімі - 3,1 пайыз, өңдеу өнеркәсібінің өнімі - 7,2 пайыз, электр қуатын, газ және су өндіру мен тарату - 5,3 пайыз болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны