03.07.2017, 14:24 5550

Қазақстандағы және ТМД-дағы алғашқы ислам банкі жеке тұлғаларды қаржыландыра бастайды

"Al Hilal" Ислам Банкі" АҚ 2017 жылдан бастап көрсетілетін қызметтердіӊ түрін көбейтіп, жеке тұлғаларға арналған исламдық банктік өнімдерді іске қосады

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan Today - "Al Hilal" Ислам Банкі" АҚ 2017 жылдан бастап көрсетілетін қызметтердіӊ түрін көбейтіп, жеке тұлғаларға арналған исламдық банктік өнімдерді іске қосады.

Қазіргі уақытта банктіӊ Астана, Шымкент қалаларында филиалдары бар және бас кеӊсесі Алматыда орналасқан. Клиенттерге бүкіл Қазақстан бойынша онлайн-сервис арқылы қызмет көрсетіледі. Алматы қаласындағы жеке тұлғаларды қаржыландыру кеӊсесі жақында Esentai Towers бизнес орталығыныӊ ғимаратында ашылады.

Гордон Хаскинс, "Al Hilal" Ислам Банкі" АҚ Басқарма Төрағасы: "Орташа мерзімді келешекте біз Қазақстанда исламдық банкингті, оныӊ ішінде жеке тұлғаларды қаржыландыру секторын дамытудыӊ зор әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстан экономикасыныӊ түрлі секторларында мемлекеттік және корпоративтік клиенттермен бірге жеті жыл бойы табысты жұмыс атқару барысында біз одан ары дамуға және кеӊейе түсуге дайын екенімізді көрдік. Осыған байланысты біз Қазақстанда исламдық банкингтіӊ жоғары стандарттарын бекітуге, исламдық қаржы құралдарыныӊ құндылықтары мен артықшылықтарын жеткізуге, оларды түсінікті, қарапайым етуге және де осыныӊ нәтижесі ретінде - нарықтыӊ айтарлықтай бөлігін қамтуға тырысудамыз. Бұл үшін біз исламдық қаржыландыру бойынша банктік және салықтық заӊнамаға қатысты заӊнамалық базаны дайындауға және енгізуге белсенді қатысудамыз".

Исламдық банкинг туралы айта отырып, оныӊ дәстүрлі банкингтен негізгі айырмашылығы ислам банкініӊ қызметі серіктестік қарым-қатынастарға негізделген Ислам (Шариғат) қағидаттарын басшылыққа алатынын ескерту қажет. Алынатын табыс өндіріске және саудаға инвестициялаумен байланысты болуы, ал барлық қаржылық операциялар нақты активтермен дәлелденуі тиіс, себебі капиталды ақша айналымы есебінен өсіруге болмайды. Осы ретте банктіӊ қызметін исламдық құқықтану, қаржы, банктік іс саласында білімі бар халықаралық тәжірибесіне сүйенетін ғалымдардан құралған Шариғат Кеӊесі қадағалап отырады. Сонымен бірге, исламдық банктік өнімдер діни сеніміне қарамастан, барлық адамдар үшін қолжетімді екенін ескеру керек.

Бүгінгі таӊда жеке тұлғаларға тиімді инвестициялық депозиттер, карталық өнімдер, кассалық-есеп айырысу қызметтері қолжетімді. Банк ұсынатын инвестициялық депозиттер Қазақстан нарығы үшін жаӊа және бірегей өнім болып табылады.

Депозиттік база құрылған соӊ банк жеке тұлғаларды қаржыландыруға кіріседі: ипотека, автоқаржыландыру, тауарлық қаржыландыру.

Al Hilal Bank

"Al Hilal" Ислам Банкі" АҚ - ҚР және БАИ Үкіметтерініӊ келісімімен 2010 ж. құрылған Қазақстандағы және ТМД-дағы бірінші ислам банкі; БАИ-дегі мемлекеттіӊ 100? қатысуымен жылдам әрі үдемелі дамып келе жатқан ислам банктерініӊ бірі Al Hilal Bank PJSC еншілес банкі болып табылады.

Al Hilal банктік холдингініӊ несие рейтингі Fitch Ratings бойынша жоғары А+ және Moody's бойынша А1 көрсеткіштеріне ие, бұл банктіӊ қаржылық тұрақтылығыныӊ және сенімділігініӊ дәлелі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны