16.09.2009, 18:03 3586

Қазақстанды индустрияландыру картасы қарашаның ортасына таман дайын болады - Индустрия және сауда министрі

Қазақстанды индустрияландыру картасы қарашаның ортасына таман дайын болады - Индустрия және сауда министрі

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанды индустрияландыру картасының мәліметтері қарашаның ортасына таман дайын болады. Бұл туралы индустрия және сауда министрі Исет Исекешев бүгін Астанада "Нұр Отан" ХДП-ның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстанды индустрияландыру картасының мәліметтері 15- қарашаға таман дайын болады. Меніңше, барлық мәселелерді ескере отырып, біз оны үкіметтің қарауына 1 желтоқсанға дейін енгіземіз", - деді И. Исекешев.

Министрдің айтуынша, индустрияландыру картасы дегеніміз "бұл - республикалық және өңірлік маңызы бар жобалардың түсінікті тізбесі, олардың әрқайсысын жүзеге асыру нәтижесі бойынша абсолютті ақиқат ақпарат беріледі".

И. Исекешевтің айтуынша, қазіргі жағдаймен 221 жоба мемлекеттік комиссияның қарауында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны