05.10.2007, 18:17 2904

Қазақстандық мердігерлер Қашаған жобасына қатысқылары келеді - Қазақстанның мұнай-газ саласының мердігерлері қауымдастығының төрағасы

Қазақстандық мердігерлер Қашаған жобасына қатысқылары келеді - Қазақстанның мұнай-газ саласының мердігерлері қауымдастығының төрағасы

Алматы. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық мердігерлер Қашаған жобасының инвестициясын игеруге қатысқылары келеді. Бұл туралы Қазақстанның мұнай-газ саласының мердігерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қайрат Илмұхамедов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бізге инвестицияны (Қашаған жобасы бойынша - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі) игеруге мүмкіншілік бермей отыр. Отандық мердігерлерді салықтық кемсіту мәселесі бар. Шетелдік мердігерлерді қаржылық артық көру, яғни, жобалау мен тендерді Қазақстан аумағынан тыс жерде өткізу мәселесі бар. Қазақстандық компаниялардың үлесі барған сайын азайып барады. Бұл үкіметке қойылар сауал", - деді Қайрат Илмұхамедов бейсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатының барасында.

Оның айтуынша, "Қашаған жобасында отандық компаниялардың қаржыны игерудегі үлесі 10 пайыздан аспайды". "Біздің қол жетер ең оңтайлы табысымыз инвестицияны игеруде 40 пайыздық қатысу", - деп атап өтті Қазақстанның мұнай-газ саласының мердігерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы. Бұл үшін осы мәселе бойынша мемлекет рационалды, тиімді саясат жүргізуі қажет екендігін де айта кетті.

"Қашағанды игеру бойынша қол қойылған келісім шарттың мазмұнының өзі жобаны жүзеге асыруда, әсіресе, инвестицияны игеру кезеңінде Қазақстанның білікті мамандарының болуын талап етеді", - деді Қ. Илмұхамедов. Ол, сондай-ақ, "оператор елде қандай әрекетке рұқсат, сондай қарекет қылмақ", - деді.

Каспий теңізінің солтүстігіндегі Қашаған кен орны "Шығыс-1" ұңғымасымен 2000 жылдың жазында ашылған. Бұл геологиялық мұнай қоры 4,8 млрд тонна көлеміндегі әлемде соңғы 30 жылда ашылған ең ірі кен орындарының бірі. Жобаны Agip КСО консорциумы жүзеге асыруда. Оның құрамына ENI (жобаның жалғыз операторы), Total, ExxonMobil, Royal Dutch Shell-дің әрқайсылары 18,52 пайыз қатысу үлесіне ие. ConocoPhillips - 9,26%, Inpex - 8,33%. Қазақстандық "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы 8,33 % үлеске ие.

Қазақстанның мұнай-газ саласының мердігерлерінің қауымдастығы 2001 жылдың маусым айында экономиканың мұнай-газ саласындағы инвестицияны тиімді игеру үшін отандық құрылыс индустриясын дамыту мақсатында құрылған болатын. Оның құрылтайшылары - "Монтажспецстрой" мен "Алматықұрылыс". Мүшелері - еліміздің жүзден аса құрылыс және өндіріс компаниялары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны