13.03.2012, 11:09 3873

Қазақстандық SsangYong Chairman-ге тапсырыстар түсе бастады

"АгромашХолдинг" АҚ-ға SsangYong Chairman автокөлігіне қазірдің өзінде 35 тапсырыс түсті. Бұл туралы AllurAuto автокөлік компаниясы тобының директоры Андрей Лаврентьев мәлім етті.

Астана. 13-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстандық SsangYong Chairman-ге тапсырыстар түсе бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "АгромашХолдинг" АҚ-ға SsangYong Chairman автокөлігіне қазірдің өзінде 35 тапсырыс түсті. Бұл туралы AllurAuto автокөлік компаниясы тобының директоры Андрей Лаврентьев мәлім етті.

"Шенеуніктер арасындағы клиенттерімізді біз әлі санаған жоқпыз, өйткені бұл мемлекеттік сатып алуларға байланысты. Бізде 35-тей тапсырыс бар, ең алдымен солардың өтінішін орындаймыз, онда мемлекеттік компаниялар да, ұлттық компаниялар да, мемлекеттік аппарат та бар", - деді Лаврентьев.

Оның сөзіне қарағанда, әзірге тапсырыстың 70%-дайын жеке клиенттер құрап отыр.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың сәуірінде "АгромашХолдинг" қазақстандық "Номад" жол талғамайтын көлігін шығаруды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны