31.08.2012, 12:46 7175

Қазақстандықтардың 7,3% "Халықтық IPO" шеңберінде мемлекеттік компаниялардың акцияларын сатып алғысы келеді

"Халықтық IPO" аясында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер кезінде сұралған қазақстандықтардың 7,3% мемлекеттік компаниялардың акцияларын сатып алғылары келеді", - делінген қор хабарламасында.

Астана. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстандықтардың 7,3% "Халықтық IPO" шеңберінде мемлекеттік компаниялардың акцияларын сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

"Халықтық IPO" аясында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер кезінде сұралған қазақстандықтардың 7,3% мемлекеттік компаниялардың акцияларын сатып алғылары келеді", - делінген қор хабарламасында.

2012-2015 жылдар аралығындаакцияға кем дегенде 160 мың жеке тұлғаларды немесе Қазақсан халқының 1% қатысуға тарту жоспарлануда.

"Халықтық IPO" бағдарламасы 2012 жылдан 20105 жылға дейін үш кезеңде жүргізіледі. Мемлекеттік компаниялар үш топқа бөлінген: 2012 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ акциялары, 2013 жылы - "KEGOC" АҚ, "Эйр Астана" АҚ, "ҚазТрансГаз" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Қазтранстеңізфлот" ҰТКК" АҚ, 2014 жылы - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "Қазтеміртранс" АҚ және 2015 жылы - "Қазатомпром" АҚ, "ҚазМұнайГаз" АҚ акциялары орналастырылады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты халыққа еліміздің ірі кәсіпорындарының акцияларына ие болу мүмкіндігін беру, акцияларды танымал ету, сондай-ақ қазақстандық құнды қағаздар нарығын дамыту болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны