27.01.2014, 19:20 8362

Қазақстанға Ресей қазынашылығының өкілдері ресми сапармен келді

Қазақстан қазынашылығының құрылғанына 20 жыл толуына орай Қазақстанға Ресей қазынашылығы өкілдерінің ресми сапары жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан қазынашылығының құрылғанына 20 жыл толуына орай Қазақстанға Ресей қазынашылығы өкілдерінің ресми сапары жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл сапар Ресей Федералдық қазынашылығы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің арасындағы халықаралық байланыстар және тәжірибе алмасуға бағытталды. Бұл кездесу 2013 жылғы 24 сәуірде Киев қаласында қол қойылған техникалық әріптестік туралы Меморандум аясында жүзеге асты.

Ресей қазынашылығының делегациясын Ресей Федералдық қазынашылығының басшысы Роман Артюхин бастап келді.

Кездесу және Қазақстан қазынашылығының жобаларын презентациялау барысында Қазақстан мен Ресей қазынашылығы қазынашылық операцияларында ақпараттық технологияларды қолдану, аумақтық бөлімшелер қызметін дистанциялық бақылаудың артықшылықтары мен жетістіктері, мемлекеттік мекемелерде есепке жатқызу әдісі бойынша бухгалтерлік есептеуді және қаржылық есептілік құруды енгізу мәселелерін талқылады.

ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы Р.Бекетаев қазынашылықтың даму жолының басында кездескен ең күрделі мәселе - ол 1996 жылы маусым айындағы Ұлттық банкте Қазынашылық бірлестігі шотын ашу болып табылады. Оған мемлекеттік және жергілікті бюджеттің ақша қаржылары шоғырландырылды. Қазынашылық БҚШ (Біріккен қазынашылық шоты) арқылы төлеу механизімін, бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері жасады. Сондықтан да, күн сайын бюджеттің жағдайы: кірістер, шығындар, республикалық және облыстық қаржы құрылымындағы қалдықтар бақыланып отырады деп атап көрсетті.

Бүгінгі күні мемлекеттік мекемелерге "Қазынашылық - Клиент" ақпараттық жүйесі толықтай енгізілді. Бұл жүйе арқылы қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінде онлайн-режимде 13 мыңнан артық мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетіледі.

Қазынашылық жүйесінде 13 мыңнан астам мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетіледі, 5 мыңнан астам шоттар ашылды, Қазынашылық жүйесінің 3,5 мыңға жуық пайдаланушылар бар. 2013 жылдың шілдесінен бастап қазынашылық органдарында жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінің шоттары ашылып, қызмет көрсетіле бастады. 2014 жылы ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті жергілікті бюджет мекемелерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін қалыптастыруды жоспарлап отыр. Роман Артюхин қазақстандық әріптестерінің қызметіне: "Қазақстан қазынашылығы - барлық деңгейде де мемлекеттік қаржы-қаражатты тиімді басқаруға арналған, бюджеттік рәсімдерді атқаруға қатаң бақылау жасайтын ақпараттық негіз болып табылатын дамушы қаржы институты",- деп оң баға берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны