03.08.2012, 14:08 3130

"Қазақстан-Қытай" газ құбыры 30 млрд. текше метрге жуық транзиттік газ тасымалдады

Бүгінгі таңда "Қазақстан-Қытай" газ құбырында бірінші учаскенің 1-ші және 2-ші тармақтарының құрылысы аяқталып, іске қосылды, деп хабарлады Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметінен Pm.kz сайтына.

Астана. 3-тамыз. Kazakhstan Today - "Қазақстан-Қытай" газ құбыры 30 млрд. текше метрге жуық транзиттік газ тасымалдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгінгі таңда "Қазақстан-Қытай" газ құбырында бірінші учаскенің 1-ші және 2-ші тармақтарының құрылысы аяқталып, іске қосылды, деп хабарлады Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметінен Pm.kz сайтына.

Айта кету керек, компрессорлық стансалардың құрылысын қоса алғанда "Қазақстан-Қытай" газ құбырының 1-ші учаскесінің құрылысын 2012 жылдың соңына қарай толық аяқтап, іске қосу жоспарлануда. Жылдық қуаты 30 млрд. текшеметрді құрайтын жобаның қуатын кейіннен 40 млрд. текше метрге жеткізу қарастырылған.

Оған қоса, қазіргі таңда Қазақстан-Қытай газ құбырының 1-ші учаскесінің үшінші тармағының құрылыс мәселесі зерделенуде. Үшінші тармақтың арқасында құбырдың жылдық қуатын 65 млрд. текшеметрге жеткізу жоспарлануда.

Қазақстан-Қытай газ құбырын тарту жобасын "ҚазТрансГаз" АҚ мен Trans-Asia Gas Pipeline Company Limited компаниясы тең негізде құрған бірлескен қазақстан-қытай жобалау компаниясы - "Азиялық Газ құюыры" ЖШС жүзеге асыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны