26.05.2014, 21:31 3768

Қазақстаннан Ресейге тасымалданатын электр энергиясының көлемі өсуде - Д.Тұрғанов

Сондай-ақ, ол Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысын жайлы айтып өтті. "Жыл сайын аталмыш зауыт батыс-сібір мұнайының 5 млн тоннасын өңдейді. Қазіргі таңда зауытты жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ол өз кезегінде мұнай өңдеу көлемін 7 млн тоннаға дейін арттырып, сапасын Еуро-5 стандарттарына сәйкестендірмек", - дейді ол.

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстаннан Ресейге тасымалданатын электр энергиясының көлемі өсіп келеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов мәлімдеді.

"Экспортқа келер болсақ, облысымыздың басты тауары глинозём, алюминий, электроэнергия, көмір мен өзге де бірқатар тауарлар болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстаннан Ресейге шығатын электр энергиясы өсіп келеді", - дейді Д.Тұрғанов.

Оның айтуынша, 2013 жылы Ресейге жөнелтілген электр қуаты көлемі сағатына 2,5 млрд киловаттқа дейін жетті.

"Сонымен қатар, көмір экспортының көлемі 16 млн тоннадан жылына 24 млн тоннаға жетті. Павлодар машина құрылысы зауыты өткен жылы Ресейге жалпы құны 2,7 млн долларлық 9 кран сатты. Ал "Нефтехим LTD" 30 мың тоннадан астам полипропилен мен этилтредбутилинді тасымалдайды", - дейді әкім орынбасары.

Сондай-ақ, ол Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысын жайлы айтып өтті.

"Жыл сайын аталмыш зауыт батыс-сібір мұнайының 5 млн тоннасын өңдейді. Қазіргі таңда зауытты жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ол өз кезегінде мұнай өңдеу көлемін 7 млн тоннаға дейін арттырып, сапасын Еуро-5 стандарттарына сәйкестендірмек", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны