25.05.2006, 16:05 3420

Қазақстанның алғашқы мұнайы жаңа құбырмен Қытайға жеткізілді

Қазақстанның алғашқы мұнайы жаңа құбырмен Қытайға жеткізілді

АЛМАТЫ. 25-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстанның алғашқы мұнайы бүгін таңертең жаңа құбырмен Қытайға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі “Синьхуа“ агенттігіне сілтеме жасап.

Ұзындығы 962,2 шақырымды құрайтын магистральдық мұнай құбыры Атасуды Қытай мен Қазақстан шекарасындағы Алашанькоумен жалғастырады.

Мұнай құбырының жобалық өткізгіштік қабілеті жылына 20 млн. тоннаны құрайды. Алайда, алғашқы кезеңде онымен Қытайға жыл сайын 10 млн. тонна мұнай жеткізіледі. Мұнай құбырының құрылысы 2004-жылдың қыркүйек айында басталып, 2005-жылдың қараша айында аяқталды. Бұл жобаны жүзеге асыруға Қытай мен Қазақстан 700 млн. доллар жұмсады.

Қытай өз аумағы арқылы ұзындығы 252 шақырымға тең Алашанькоу –Душаньцзы мұнай құбырын тартты. Душаньцзыда мұнай өңдейтін зауыт бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны