14.01.2016, 13:14 5907

Қазақстанныӊ Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі капиталындағы үлесі 0,7%-ды құрайды - Е.Досаев

Қазақстанныӊ Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) капиталындағы жалпы үлесі 0,7%-ды құрайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Сенатында "Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Келісімініӊ баптарын ратификациялау туралы" заӊ жобасы бойынша баяндама жасаған ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев

Астана. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) капиталындағы жалпы үлесі 0,7%-ды құрайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Сенатында "Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Келісімініӊ баптарын ратификациялау туралы" заӊ жобасы бойынша баяндама жасаған ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Банк капиталыныӊ бөлінуіне сәйкес, Қазақстанныӊ Банк капиталындағы жалпы үлесі 729,3 млн долларды немесе 0,7%-ды құрайды", - деді Е.Досаев, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, төленетін капитал 145,9 млн долларды құрап, ол 5 траншпен 29,2 млн доллар мөлшерінде жыл сайын төленетін болады.

"Илемдегі қиын экономикалық жағдай аясында осы келісімді ратификациялау Қазақстанға Банк арқылы инфрақұрылымдық жобаларды ұзақ мерзімді және қолайлы кредиттік ресурстар тартуға мүмкіндік береді. Бұл экономиканыӊ дамуына және Азиядағы өӊірлік интеграция деӊгейін арттыруға оӊ әсерін тигізеді", - деп түсіндірді ол.

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі туралы келісім 2015 жылы 29 маусымда Бейжіӊде жасалған болатын. АИИБ қызметініӊ негізгі бағыты инфрақұрылымға және басқа да өндірістік секторға инвестициялар салу жолымен Азиядағы экономикалық дамуға, әл-ауқатты жақсартуға және инфрақұрылымныӊ өзара іс-қимылын жақсартуға жәрдемдесу болып табылады. Қазақстанды қоса алғанда Банктіӊ құрылтайшысы 57 мемлекет болып табылады. Оныӊ ішінде, 37-сі Азия, 20-сы өӊірлік емес елдер болып табылады. Ал ірі акционерлері - Қытай, Ресей және Үндістан.

"Банктіӊ жарғылық капиталы 100 млрд долларды құрайды және төленетін акциялардан (20 млрд) және талап ету бойынша төлеуге жататын акциялардан (80 млрд) тұрады", - деп нақтылады Е.Досаев.

Банк капиталыныӊ өӊірлік мүшелерініӊ үлесі 75%-ды, өӊірлік емес мүшелерініӊ үлесі 25%-ды құрайды. Сол арқылы, ведомство басшысы айтып өткендей, шешуші дауыс беру құқығы Азия елдерінде қалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны