11.12.2009, 17:56 2806

Қазақстанның бірқатар облыстарында жоғары октанды жанармайды үкімет белгілеген бағадан қымбат бағаға сату деректері анықталды - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Қазақстанның бірқатар облыстарында жоғары октанды жанармайды үкімет белгілеген бағадан қымбат бағаға сату деректері анықталды - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның бірқатар облыстарында жоғары октанды жанармайды үкімет белгілеген бағадан қымбат бағаға сату деректері анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мекемеде өткен селекторлық жиында бүгін жария етілгендей, "республика бойынша АИ-92, 93 маркалы жанармайдың бағасы литріне 82 теңгеден аспайтындай деңгейде белгіленгеніне қарамастан, бірқатар облыстарда бағаны 82 теңгеден жоғары белгілеу деректері анықталды".

Осыған байланысты ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы Мәжит Есенбаев осындай оқиғалар байқалған жерлерде өңіраралық инспекциялардың жетекшілеріне жергілікті атқарушы билік органдырымен бірлесе отырып "ахуалды түзету" туралы тапсырма берді.

"Кеңес қорытындысы бойынша барлық өңіраралық инспекцияларға жанар-жағармайдың бағасына күнделікті мониторинг жүргізу арқылы қамтамасыздыққа, жанар-жағармайдың бар-жоқтығына, сондай-ақ, сатылу көлеміне қатысты проблемаларды айқындап отыруға тапсырма берілді. Сонымен қатар, өңіраралық инспекцияларға ағымдағы жылдың аяғына дейін жанар-жағармай нарығындағы тексерулерді аяқтау қажеттігі тапсырылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кеңес барысында өңіраралық инспекцияларға кеден және салық органдарының қолдауымен импортталатын жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасына қатысты жағдайды айқындау, сондай-ақ, отандық азық-түлік және жеміс-көкөніс өнімдерінің қымбаттау келетін импорттық өнімдермен ығыстырылып қалу деректеріне жол бермеу міндеті жүктелді. "Осыған байланысты ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің өңіраралық инспекцияларына жеміс-көкөніс өнімдерінің қандай тізбекпен сатылатындығын, сонымен қатар импорттаушылардың өзара аффилиирлік байланыста болуы мүмкіндігін тексеру тапсырылды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны