27.06.2014, 21:01 3464

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде сапасыз жанармай сату фактілері анықталды

Бұзушылық фактілері Алматы қаласы, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында анықталды.

Алматы. 27 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанның бірқатар өңірлерінде сапасыз жанармай сату фактілері анықталды,- деп хабарлайды ИЖТМ ақпарат басқармасы.

Басқарма таратқан баспасөз хабарламасында былай делінген:

"Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге жарияланған мораторий кәсіпкерлердің ЖММ сапасына жауапкершіліктен босатпайды.

Қазіргі уақытта сатылатын жанар-жағар майдың сапасына қатысты тұтынушылардан көптеген шағымдар келіп түсуде. Бұрын мұнай өнімдерін тұтынушыларға өткізетін барлық кәсіпкерлік объектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті жүзеге асыратын.

Мәселен, 2013 жылы мұнай өнмідерін бөлшек саудада және көтерме сатумен айналысатын субъектіге 267 тексеріс жүргізілді, тексеріс барысында 119 бұзушылық жағдайы анықталды.

Өткізілетін мұнай өнімдерінің сапа көрсеткіштері бойынша сәйкессіздігінің көптеген фактілері тексерудің нәтижесі болып табылды. Мәселен, Астана қаласында ЖК Мәжитова У.Х. "Уойл" АҚС-да "октан саны" көрсеткіші бойынша талаптарға сәйкес келмейтін "Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ өндірісінің АИ-92Н маркалы жанармайын өткізген. Онда норма бойынша 92,0-ден кем болмауы тиіс "октан саны" 80,8-ді құраған.

Сондай-ақ, Алматы қаласында сапасыз жанармай сату фактілері анықталды. Октан саны бойынша талаптарға сай келмейтін АИ-96 маркалы жанармайын, бензолдың жоғары көлемдік үлесі бойынша талаптарға сай келмейтін супер Евро-98 маркалы жанармайын, температуралық тұтану көрсеткіші бойынша талаптарға сай келмейтін Л-0,05-40 жазғы маркалы дизель отынын сатқан "Аramco Corp" ЖШС АҚС бұзушылар болып шықты.

Осыған ұқсас жағдай "Құлагер Бетон" ЖШС АҚС-да анықталды, онда октан саны - 74,5 болып шыққан АИ-80 маркалы жанармайы анықталды, "Көмек-А мүгедектік фирмасы" ЖШС "Жұлдыз" АҚС (нақты октан саны 74,0 болған АИ-80), "Мост", "Мамыр" және № 54 "Сонар Мұнай Өнімдері" ЖШС АҚС (нақты октан саны - 82,7 және 80,6 болып шыққан АИ-92).

Температуралық тұтануы бойынша талаптарға сәйкес келмейтін дизель отынын сату бөлігінде бұзушылықтар Солтүстік Қазақстан облысында "Тим Консалтинг" ЖШС АҚС-да, Алматы облысының ЖК Лаврентьев И.Н. және "Нар Ойл Мұнай өнімдері" ЖШС АҚС-да анықталды.

Жалпы алғанда, 2013 жылғы мемлекеттік бақылау қорытындысы бойынша ҚР ИЖТМ ТРМК 14 956 090 теңге сомасында әкімшілік өндіріп алу шараларын қабылдады, 58 694 079 теңге сомасына сәйкестік сертификаты, таңбалануы жоқ, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін мұнай өнімдерінің 312 топтамасын сатуға және 545 салыстырып тексерілмеген өлшем құралдарын қолдануға тыйым салынды,

2014 жылы осы бағытта тексерістер жалғасқанын атап өткен жөн. 2014 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша, мұнай өнімдерін өткізетін кәсіпорындарда заңнама талаптарының сақталуына 31 тексеріс жүргізілді.

Тексеріс нәтижесі бойынша 20 бұзушылық оқиғасы анықталды, бұл өткізілген тексерістердің жалпы санының 65 %-ын құрайды. 2 463 160 теңге сомасында 12 айыппұл салынды, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін мұнай өнімдерінің жалпы сомасы 2 771 385 теңге болатын 12 топтамасын өткізуге тыйым салынды. Тексерілмеген және ҚР МӨЖ Тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарының 88 бірлігін қолдануға тыйым салынды.

Бұзушылық фактілері Алматы қ., Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында анықталды.

Негізгі бұзушылықтар өткізілетін жанармайдың екшемдік құрамы бойынша ("Төлеби ГазОйл" ЖШС, Шымкент қ.), дизель отынының тұтану температурасы көрсеткіші бойынша ("Ойл КЗ Мұнай Өнімдері" ЖШС, Алматы қ.) сәйкессіздік болып табылады. Тексерілмеген өлшем құралдарын қолдану және толық құймау фактілері орын алып отыр ("Сонар Мұнай Өнімдері", Алматы қ.).

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы" жарлығына сәйкес 2014 жылғы сәуір айынан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚР ИЖТМ ТРМК шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатты.

Сонымен қатар, осы жұмыс ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жалғаса береді. Бұл ретте жанармайдың тиісінше сапасыздығына толық жауапкершілік өткізуші ретінде АМҚС жүктелетінін тұтынушылардың естеріне салған дұрыс. Автомобиль сапасыз отынның себебінен істен шыққан жағдайда, тұтынушы қайта құрылған уәкілетті орган - ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігіне жүгінуге құқылы".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны