20.04.2015, 20:02 4500

"Қазақстанныӊ Даму Банкі" қазақстандық автопромды қолдауға 20 млрд теӊге бөледі

"Нұрлы Жол" Президенттік Бастама аясында "Қазақстанныӊ Даму Банкі" АҚ ("Байтерек" Ұлттық басқару холдингі" АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі Банк, ҚДБ) қазақстандық автоқұрастыру кәсіпорындарын қолдауға Ұлттық қор қаражаты есебінен 20 млрд теӊге бөледі.

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - "Нұрлы Жол" Президенттік Бастама аясында "Қазақстанныӊ Даму Банкі" АҚ ("Байтерек" Ұлттық басқару холдингі" АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі Банк, ҚДБ) қазақстандық автоқұрастыру кәсіпорындарын қолдауға Ұлттық қор қаражаты есебінен 20 млрд теӊге бөледі. Осы соманыӊ 15 млрд теӊгесі Қазақстанда құрастырылған автомобильдерді сатып алуға жеке тұлғаларға несие беру үшін алты коммерциялық банкке, 5 млрд теӊгеге дейін - арнаулы мақсаттағы автокөлік пен автотехниканы (ауыл шаруашылық техникасын қоспағанда) лизингке сатып алатын заӊды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді қаржыландыруға "ҚДБ-Лизинг" компаниясына жолданады. Тиісті несие келісімдеріне Алматы қ. а.ж. 20 сәуірде қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Үкіметімен бекітілген отандық өндірісініӊ жеӊіл автокөлікті сатып алуға жеке тұлғаларға несие беру шарты, келесі: атаулы сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 14 %-дан аспайды, сонымен қатар жылдық тиімді мөлшерлемесі (барлық комиссияларды, сақтандыру мен автоны кепілге рәсімдеуді қамтиды) - 7,5%-дан аспау керек. Несие беру мерзімі - 5 жылдан аспайды, қарыз валютасы - теӊге, міндетті бастапқы жарна - сатып алатын автокөлік құнынан 20%-дан аспайды.

Автонесиелер тізбесі ҚР Экономикасын жаӊғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиясымен бекітілген келесі банктер арқылы беріледі: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (4 млрд теӊге), "Еуразиялық Банк" АҚ (3 млрд теӊге), "Сбербанк России" АҚ ЕБ (2 млрд теӊге), "ForteBank" АҚ (2 млрд теӊге), "Банк Центр Кредит" АҚ (2 млрд теӊге), "АТФ Банк" АҚ (2 млрд теӊге).

Қарыз алушыларға құрастыруы "СарыаркаАвтоПром" ЖШС, "АгромашХолдинг" АҚ және "АЗИЯ АВТО" АҚ жүргізілетін "Kia", "Chevrolet", "Skoda", Hyundai, "SsangYong", "Peugeot" және т.б. сияқты бренд автоларыныӊ 55 моделі ұсынылады. ҚДБ www.kdb.kz сайтында авто моделдерініӊ толық тізбесімен танысуға болады.

Заӊды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердіӊ лизингке арнаулы мақсаттағы автокөлік пен автотехниканы сатып алу шарты келесі: лизинг мерзімі - 3 жылдан 5 жылға дейін, атаулы сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 4%-дан аспайды, қаржыландыру валютасы - теӊге. Лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) - лизинг затыныӊ құнынан 30%, негізгі борышты төлеу бойынша жеӊілдік кезеӊі- 6 айға дейін, қосымша шығыстар (сақтандыру, сервистік және агенттік қызмет көрсету) лизинг алушы есебінен төленеді.

"Осы жеӊілдікпен несие беру бағдарламасыныӊ бірегейлігі ол бірден бірнеше бағыттарға үлкен пайда әкеледі. Автопромға қолдау көрсетсе де ақыр аяғында одан тұтынушылар жеӊеді. Өйткені барлық сақтандыру төлемдерді есепке ала отырып 7,5%-ға дейін тиімді пайыздық мөлшерлемесімен несиеге қазақстандық өндірістегі автомобильді іс жүзінде сатып алуға болады. Тұтынушылар мұндай тиімді несие беруге өте мүдделі, дегенмен бүгінгі таӊда қазақстандық нарықта 10 автомобильдіӊ 6-сы сатып алынады. Ал тап осы сәтте еӊ "арзан" автонесие жылдық 18%-да болады. Мұныӊ барлығы мемлекеттіӊ қолдауыныӊ, Ұлттық экономика министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігін қоса алғанда, Министрліктердіӊ тәртіпке салынған жұмысыныӊ арқасында жүзеге асты" - деп "Қазақстандық Автобизнес Қауымдастығы" АЗБ президенті Андрей Лаврентьев атап өтті.

"Бағдарламаныӊ өте айқын әлеуметтік маӊызы бар - ол көптеген қазақстандықтардыӊ борыштық жүктемелерін қысқартады. Екінші аспект - отандық банк жүйесі қосымша ресурстар көзін алады.Өйткені қазақстандық банктер үшін қорландыру проблемасы, өкінішке орай, маӊызды. Үшінші, бірақ соӊғы емес: бағдарлама мемлекеттік шығыстарды қажет етпейді. Барлық қаражаттар қайтарымды негізде бөлінеді. Тұтынушыны қолдайтын бұл ақша қазынаға қайтарылады.Сондықтан бүгінгі таӊда бастау беріп отырған бастама тұтасымен отандық экономикаға - даму институты тұлғасында тұтынушы мен қаржы жүйесінен өндіруші мен мемлекетке дейінгі тізбек бойынша тиімді", - деп "БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО" компаниясы тобыныӊ филиалдарын дамыту департаментініӊ директоры Айдар Меӊдібаев атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны