04.06.2007, 16:31 2977

Қазақстанның даму институттары аймақтарда шамамен 150 жобаны қаржыландыруды мақұлдады - Қайрат Келімбетов

АСТАНА. 4-маусым. Kazakhstan Today. Қазіргі жағдаймен Қазақстанның даму институттары аймақтарда шамамен 150 жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Бұл туралы бүгін "Қазына" тұрақты даму қорының басқармалары төрағасы Қайрат Келімбетов үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазіргі жағдаймен даму институттары аймақтарда жалпы құны 5 млрд долларды құрайтын 150 жобаны мақұлдады, оларға қатысу ауқымы шамамен 1,6 млрд долларды құрайды",- деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, жобалардың 75 проценті мен қаржының 70 проценті 7 облыстың үлесіне тиеді. "Бұл Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы. Жобалардың санымен алда келе жатқан аймаққа Алматы - 44 жобамен жатса , ал қаржы көлемімен Маңғыстау облысы - $839 млн алда келеді", - деді "Қазына" басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны