14.02.2014, 19:45 7535

Қазақстанның Экономика министрлігі инфляция өсімін ұстау бойынша шаралар қолданады

Қазақстанда инфляция өсуін ұстау бойынша шаралар кешенін қабылдау жоспарланды, деп хабарлады бүгін ЭБЖМ басшысы Ерболат Досаев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда инфляция өсуін ұстау бойынша шаралар кешенін қабылдау жоспарланды, деп хабарлады бүгін ЭБЖМ басшысы Ерболат Досаев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"Теңгенің жаңа бағамын ескере отырып, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамсыз ету үшін инфляция өсімін ұстау бойынша шаралар қолданылады. Ақылы қызметтердің инфляцияға енуі алдында белгіленген 1,2% деңгейде қалады", - деді Е. Досаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Министрлік салалық мемлекеттік органдармен бірге экономиканың барлық салалары бойынша мақсатты индикаторларды қайта қарайды.

"Қазақстан экономикасы өсуінің негізгі факторы ішкі сұраныстың артуы және экспорт үшін сыртқы шарттардың жетілдірілуі болады. Дамудың оң динамикасы машина жасау саласында, мұнай және табиғи газ шығаруда, қызмет көрсету сферасында күтілуде", - деп атап өтті Е.Досаев.

Сонымен бірге, экономикадағы ішкі сұранысты қолдау үшін мемлекеттік және салалық бағдарламаларды басымдықты қаржыландыру қамтамасыз етіледі, ол экономика өсімі мен жұмыспен қамтуға мультипликативті әсер береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны