17.06.2014, 20:05 5821

Қазақстанның экспорттық бидай шаруашылығы өзіндік орынға ие болды - ҚазАгро

"Мал шаруашылығының болашағы еліміздегі егін шаруашылығынан да үлкен екенін айтуға болады, олай дейтініміз, біздің жерімізде егістік аймақтардан гөрі жайылымдық жерлердің көп екені анық. Соңғы бес жылда бидай өндірісі 10 млн тоннадан 19 млн тоннаға артып, соның 7,5 млн тоннасы экспортталды. Соның ішінде 2,3 млн тоннасы дайын ұн түрінде сыртқа сатылды", - дейді "ҚазАгро" Ұлттық холдингі басқарма төрағасы орынбасары.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстанның бірінші агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы барысында "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Махажанов Қазақстанның экспорттық бидай шаруашылығында әлемдік көшбасшылар қатарында өзіндік орны бар екенін айтты.

"Қазақстанның экспорттық бидай шаруашылығында әлемдік көшбасшылар қатарында өзіндік орны бар. Бұның барлығы табиғи-климаттық жағдайлар мен еліміздің кең байтақ жер ресурсының арқасында", - дейді Д.Махажанов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, соңғы жылдары дәстүрлі егістік шаруашылығынан бөлек елімізде мал шаруашылығы да кеңінен етек жаюда.

"Мал шаруашылығының болашағы еліміздегі егін шаруашылығынан да үлкен екенін айтуға болады, олай дейтініміз, біздің жерімізде егістік аймақтардан гөрі жайылымдық жерлердің көп екені анық. Соңғы бес жылда бидай өндірісі 10 млн тоннадан 19 млн тоннаға артып, соның 7,5 млн тоннасы экспортталды. Соның ішінде 2,3 млн тоннасы дайын ұн түрінде сыртқа сатылды", - дейді "ҚазАгро" Ұлттық холдингі басқарма төрағасы орынбасары.

Оның айтуынша, Үкімет тарапынан қазірде отандық шаруаларға өнімділік деңгейін арттыруа көмектесу мақсатында егістік пен мал шаруашылығын сақтандыру жүйесі дайындалуда.

Сонымен қатар, бүгінде экспорт пен транспорттық логистиканы дамыту шаралары қабылдануда.

"Өздеріңізге де белгілі, Қазақстан барынша тұйық мемлекет. Еліміздің мұхитқа шығатын мүмкіндігінің жоқ екені белгілі. Біздің дәстүрлі нарығымыздың оңтүстікте екені де анық. Осы орайда біз экспорт көлемін арттыру үшін шаруалардың өз өнімдерін өздері сатуына мүмкіндік беруіміз керек", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қазірге дейін Каспий теңізі арқылы бидай тасымалдайтын терминалдар жасалынған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны