04.12.2009, 16:36 3399

Қазақстанның халықаралық резервтері қарашада $52 млрд құрады

Қазақстанның халықаралық резервтері қарашада $52 млрд құрады

Астана. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның Ұлттық қорының активтері мен алтын-валюта резервтері 30-қарашадағы жағдаймен $52 млрд құрады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің 22-ші жалпы мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз өз резервтерімізді сақтаумен ғана шектелмей, оны өсіре алдық. Қазақстанның Ұлттық қорының активтері мен алтын-валюта резервтері 30-қарашадағы жағдаймен $52 млрд құрады, яғни, біздің жұмсаған қаражаттарымызға қарамастан, өткен жылдың желтоқсан айындағыдан көбейді", - деді Н. Назарбаев.

"Жалпы алғанда банк жүйесі тұрақтанды. Аса күрделі жағдайда біз олардың жұмыс қабілетін сақтап, халықтың салымдарының кепілдігін қамтамасыз еттік. Біз бір банкті де банкрорттыққа ұшыратпадық", - деді президент.

Сонымен бірге, Н. Назарбаевтың хабарлауынша, "күрделі жылға қарамастан, елімізде құны 3 млрд доллардан асатын 170 жаңа өнеркәсіптік инфрақұрылымдық нысан енгізілді. 9 мың тұрақты жұмыс орны құрылды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны