24.07.2018, 17:07 5024

Қазақстанныӊ ірі көмір өндіруші кәсіпорны ағымдағы жылы 41 млн. тоннадан астам көмір өндіріп, тұтынушыларға жөнелтуді жоспарлауда

Былтырғы жылдыӊ қорытындылары бойынша, жоспарда көрсетілген 33,9 млн. тонннаныӊ орнына кәсіпорында өндірілген көмір көлемі 40,8 млн. тоннаны құрағанын айта кеткен жөн. Бұл жоспарланған көлемніӊ шамамен 119,2 процентін құрайды.

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ ірі көмір өндіруші кәсіпорны "Богатырь Көмір" ЖШС ағымдағы жылы 41 млн. тоннадан астам көмір өндіріп, тұтынушыларға жөнелтуді жоспарлауда.

"Самұрық-Энерго" АҚ сарапшыларыныӊ айтуынша, өндірілетін көлем бұдан жоғары болуы мүмкін, өйткені бүгінде компанияға 44,6 млн. тоннаны жеткізіп беруге тапсырыс келіп түсті.

"Богатырь Көмір" бойынша жоспарланған жалпы өндіру көлемініӊ- 33,11 млн. тоннасы "Богатырь" кенішіне, 7,19 млн. тоннасы - "Северный" кенішіне тиесілі.

Жөнелтілетін көмірдіӊ 97 процентке жуығы электр энергиясы мен жылу өндіру үшін энергия өндіретін кәсіпорындарға жеткізіледі.

Былтырғы жылдыӊ қорытындылары бойынша, жоспарда көрсетілген 33,9 млн. тонннаныӊ орнына кәсіпорында өндірілген көмір көлемі 40,8 млн. тоннаны құрағанын айта кеткен жөн. Бұл жоспарланған көлемніӊ шамамен 119,2 процентін құрайды. Аршу (пайдалы қазбалар кенін ашық әдіспен өндірген кезде оны жауып жатқан бос жынысты алу) көлемі 117,9 процентке орындалды. Жоспардағы 23,30 млн. текше метрдіӊ орнынаіс жүзінде орындалуы 27,46 млн. текше метрді құрады.

2018 жылы "Богатырь көмір" ЖШС көмір жеткізіп беруді 2017 жылмен салыстырғанда 13,5%-ке ұлғайтуды, соныӊ ішінде: "ГРЭС Топар" ЖШС, "Согринская ТЭЦ" ЖШС, "Павлодарэнерго" АҚ және ТЭЦ-2, 3 секілді жаӊадан қосылған тұтынушыларға жеткізіп беру есебінен ұлғайтуды жоспарлауда.

Бүгінде Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін бүкіл көмірдіӊ 60 проценті және Қазақстан Республикасында өндірілетін көмірдіӊ жалпы көлемініӊ 40 проценті "Богатырь Көмір" ЖШС-ныӊ үлесіне тиесілі. Компанияныӊ негізгі тұтынушылары қатарында Рефтинск, Троицк электр станциялары (Ресей), Екібастұз ГРЭС-1, Екібастұз ГРЭС-2, Алматы және Степногорск ЖЭО, "Қарағанды Энергоорталық" ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-3), "СевКазЭнерго" АҚ, "Астана-Энергия" АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2), "Көкшетаужылу" МКК, "Павлодарэнерго" АҚ, "Bassel Group LLS" ЖШС (Қарағанды қаласы) бар.

"Богатырь Көмір" ЖШС-ін "Самұрық-Энерго" АҚ мен ресейлік "РусАл" БК теӊ негізде басқарады. Компания Қазақстанныӊ Павлодар облысындағы "Богатырь" және "Северный" кеніштерінде көмірді ашық әдіспен өндіреді. "Богатырь Көмір" ЖШС-ніӊ баланстық қоры 2,75 миллиард тоннаны құрайды. Кәсіпорынныӊ өндірістік қуаты - жылына 42 млн. тонна көмір өндіруге теӊ, соныӊ ішінде "Богатырь" кеніші бойынша - 32 миллион тонна, "Северный" кеніші бойынша - 10 миллион тонна.

"Самұрық-Энерго" АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны