05.12.2007, 17:10 4081

Қазақстанның кедендік қызметі Дүниежүзілік кеден ұйымының көмегімен модернизацияланады

Қазақстанның кедендік қызметі Дүниежүзілік кеден ұйымының көмегімен модернизацияланады

Алматы. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазіргі уақытта Қазақстан Қаржы министрлігі кедендік кормитеті мен Дүниежүзілік кеден ұйымы бірлесіп Қазақстанның кеден қызметін модернизациялау жұмыстарын жүргізуде.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Қаржы министрлігі кедендік кормитеті төрағасының орынбасары Сержан Дүйсебаев Дүниежүзілік кеден ұйымының саяси комиссиясының 58-ші сессиясы аясында өткен пресс-брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Дүниежүзілік кеден ұйымы кеден қызметінің қазіргі ахуалы мен келешек дамуын бағалау жөнінде диагностикалық миссияны жүзеге асырды. Тиісті нұсқаулар беріліп, соған сәйкес Қазақстанның кедендік қызметін модернизациялау бағдарламасы жасалды", - деді С. Дүйсебаев. Оның айтуынша, Қазақстан кедендік құрылымды әлемдік стандарттарға сәйкестендіруге талпынуда.

"Кеден қызметі экономиканы және сыртқы сауданы дамытуға тежеуші болмай, керісінше, Қазақстанның жағрафиялық орналасуы мен қазіргі даму деңгейін ескеру негізінде әлем елдерімен сауда-саттықты дамыту тетігіне айналуға тиіс", -деді ол.

Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Мишель Даненің брифингте атап көрсеткеніндей, Қазақстан 2001 жылдың 11-қыркүйегінде болған оқиғаларға байланысты құрылған "Колумбус" бағдарламасының жетекшілерінің бірі болып табылады. "11-қыркүйек оқиғасынан кейін біз сауда-саттықтың қауіпсіздігін арттыруға шешім қабылдадық. Ол үшін біз негіздемелік келісімдердің жобасын жасап, онда сауда саласындағы байланыстардың қауіпсіздігін қалай арттыру жайын көрсеттік", - деді М. Дане.

Оның айтуынша, "Колумбус" бағдарламасына 107 ел қамтылған. "Қазір оған қатысушы елдерде олардың нормаларға қаншалықты сәйкестігі жөнінде сараптама, констатация мен салыстыру жұмыстары жүргізілуде, - деді бас хатшы. Ал Қазақстанға келер болсақ, М. Даненің айтуынша, қазір таяу жылдарға арналған даму жоспарын жасау жөнінде жұмыстардың екінші кезеңі жүзеге асырылуда.

"2008 жылдың маусымында алғашқы қорытындысы шығарылып, басқа елдерде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі көрсетіледі", -деді Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы.

С. Дүйсебаевтың айтуынша, 2006 - 2007 жылдарда бірқатар диагностикалық миссиялар өткізіліп, оған Еуропалық кеден, Дүниежүзілік кеден ұйымы мен Илемдік банк қатысты. Дүниежүзілік кеден ұйымы тарапынан Қазақстанның кеден жүйесіне қатысты 49 нұсқау берілді. Илемдік банк Қазақстанның кеден қызметін модернизациялау бағдарламасын қаржыландыруға келісті.

Дүниежүзілік кеден ұйымының саяси комиссиясының сессиясы Қазақстанда алғаш рет өткізілуде. Сессияға қатысушылардың бағалауынша, бұл дерек "Қазақстан Республикасы мен оның кеден қызметінің Дүниежүзілік кеден ұйымының аясындағы іс-қызметіне және оның өңірдегі роліне берілген оң бағаны паш етеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны