21.01.2008, 19:39 2913

Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі 2011 жылға дейінгі теміржол саласын дамыту және реформалау жөніндегі кешенді шаралары әзірледі

Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі 2011 жылға дейінгі теміржол саласын дамыту және реформалау жөніндегі кешенді шаралары әзірледі

Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі 2011 жылға дейінгі теміржол саласын дамыту және реформалау жөніндегі кешенді шараларын әзірледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің алқа отырысында мекеме басшысы Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Министрлік Үкімет тапсырмасына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен, "Самұрық Холдингі" және "Қазақстан теміржолы" ҰК-мен бірлесе отырып, 2011 жылға дейінгі теміржол саласын дамыту және реформалау жөніндегі кешенді шараларын әзірледі, ол жақын уақытта үкімет қарауына енгізіледі",- деп мәлім етті С. Ахмтеов.

С.Ахметовтің айтуынша, кешенді шараларда "саланы дамытудағы мемлекет, ұлттық компания және жеке сектор арасындағы жауапкершілік нақты айқындалған". "Қазақстан теміржолы тасымалдау" ҰК тасымалдау үдерісіне қатысушылардың өзара іс-әрекеті үшін жауапты ретінде біртұтас технологиялық холдинг қызметін жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының теміржол әкімшілігшігнің функицсы мен ұлттық компания ұлттық тасымалдаушы мәртебесін сақтап қалады", - деп түсіндіріп өтті министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны