02.02.2009, 12:10 1345

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен 1 трлн 330 млрд теңге болды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен 1 трлн 330 млрд теңге болды

Астана. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен 1 трлн 330 млрд теңге болды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен 1 трлн 330 млрд теңге болып, 2008 жылдың басымен салыстырғанда 412 млрд теңгеге ұлғайды", - деді Б. Жәмішев.

Министрдің айтуынша, ішкі үкіметтік қарыз 820 млрд теңге, немесе мемлекеттік қарыздың 80,8% құрады. 2008 жылы ол 308 млрд теңгеге жетті. Оған себеп, республиканың бағалы қағаздар нарығында 2008 жылы 465 млрд теңге көлемінде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар орналастырылды. Ал 158 млрд теңгесі өтелді.

"Сыртқы қарыз 195 млрд теңгені құрайды, немесе үкіметтік берешектің 19% тең. Жалпы үкіметтің қарыз 1 трлн 15 млрд теңгені құрайды", - деді қаржы министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны