22.04.2008, 15:15 2825

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыты биылғы жылы 2,7 млн тонна мазут өндіруі керек -Мыңбаев

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыты биылғы жылы 2,7 млн тонна мазут өндіруі керек -Мыңбаев

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары биылғы жылы 2,7 млн тонна мазут өндіруі керек. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2008 жылы үш мұнай өңдеу зауыты 2,7 млн тонна мазут өндіру керек. Ал республика бойынша оның тұтыну көлемінің болжамы 1,5 млн тоннаны құрайды ", - деді С. Мыңбаев.

"ЭМРМ жыл сайын МӨЗ облыстарды шартты түрде бекіту арқылы әлеуметтік-өндірістік нысандары мен мекемелерге мазут жеткізіліп тұрады. Бұл шара алдағы күз -қыс кезеңдерінде мазут тұтынуды үзіліссіз қамтамасыз ететін болады ", - деді ол.

ЭМРМ еске салғанындай, Өзбекстаннан ұзақ уақыт бойы көгілдір отын белгіленген көлемде жеткізілмегендіктен, өткен жылдың 20 желтоқсан айынан биылғы жылдың 20 ақпанына дейін оңтүстік аймақтарда отын ретінде көмір мен мазут пайдаланылды.

"Жалпы электр станциялар мен оңтүстіктің қазандықтары бұл күндері тәулігіне 10 мың тонна мазут тұтынды, оның 5 мың тоннасын Жамбыл ГРЭС бір тәулікте пайдаланып отырды. Ол биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында 160 мың тонна мазут тұтынды, бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден үш есеге артық ", - деп анықтады С. Мыңбаев.

Министрдің мәліметтері бойынша, бүгінгі кезде елдің электр станцияларында 2,3 млн тонна көмір бар, бұл өткен жылдардағы көлемнен 100 мың тоннаға артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны