31.07.2012, 14:10 6459

Қазақстанның мұнай зауыттары І жартыжылдықта 7 млн. тоннадан астам мұнай өңдеді

Индустрияландыру бағдарламасының аясында елімізде Мұнай-газ саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы іске асырылуда. Бұл бағдарламаның мақсаты - халықаралық транзит көлемінің өсуін және ішкі нарықтың мұнай және газ өнімдеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету.

Астана. 31-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның мұнай зауыттары І жартыжылдықта 7 млн. тоннадан астам мұнай өңдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Индустрияландыру бағдарламасының аясында елімізде Мұнай-газ саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы іске асырылуда. Бұл бағдарламаның мақсаты - халықаралық транзит көлемінің өсуін және ішкі нарықтың мұнай және газ өнімдеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету.

ҚР Мұнай және газ министрлігінің ақпараты бойынша, мұнай өндіруші компаниялар ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 39,7 млн. тонна мұнай өндірді, оның ішінде газ конденсаты да бар. Алдын ала мәліметтер бойынша, мұнай экспортының көлемі 33,96 млн. тоннаны құрады. Ал 2012 жылға белгіленген жоспар 71 млн. тоннаны шамалайды.

Оған қоса, аталған кезеңде Мұнай және газ министрлігі мұнай-газ кеніштерін игеру және барлау жұмыстарының 100-ден астам жобалау құжаттарын қарап шықты, сондай-ақ технологиялық көрсеткіштерді, оның ішінде 30-дан астам кеніш бойынша мұнай өндірісінің көлемін нақтылады.

Айта кету керек, отандық мұнай өңдеу зауыттарында 7 186 мың тонна мұнай өңделді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 10,9 пайызға көп. 1484 мың тонна бензин, 2095 мың тонна дизель отыны, 1773 мың тонна мазут, 195 мың тонна авиакеросин өндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны