27.01.2009, 12:48 1495

Қазақстанның оңтүстігінде жаңа суару технологиялары баяу енгізілуде және ылғалсүйгіш дақылдарға арналған алаңдар айтарлықтай жылдам азаймай отыр - Күрішбаев

Қазақстанның оңтүстігінде жаңа суару технологиялары баяу енгізілуде және ылғалсүйгіш дақылдарға арналған алаңдар айтарлықтай жылдам азаймай отыр - Күрішбаев

Шымкент. 27 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның оңтүстігінде жаңа суару технологиялары баяу енгізілуде және ылғалсүйгіш дақылдарға арналған алаңдар айтарлықтай жылдам азаймай отыр. Бұл туралы еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев кеше Шымкентте өткен "Агроөнеркәсіптік кешендегі серіктестік" атты өңірлік форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Егін шаруашылығы жайында сөз қозғай отырып, суармалы жерлерді пайдалану және суды үнемдей жұмсау жөніндегі мәселені назардан тыс қалдыру мүмкін емес. Қазір суармалы жерлердің 45 пайызы Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарыынң үлесінде. Алайда, түрлі себептермен осы жерлердің 11 пайызға жуығы пайдаланылмайды. Басты себептер - су тапшылығы және гидромелиоративтік жүйенің тозғандығы", - деді А. Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны