14.05.2008, 18:01 2777

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жыл басынан бері 39%-ға өсті - Индустрия және сауда министрі

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жыл басынан бері 39%-ға өсті - Индустрия және сауда министрі

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жыл басынан бері 39%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мекеменің алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында еліміздің сыртқы саудасында оң нәтижеге қол жеткізілді", - деді министр. Оның айтуынша, қаңтар-наурыз айларында сыртқы тауар айналымының көлемі 39%-ға өсіп, 22,9 млрд долларға жетті.

Осы орайда В. Школьник сауда балансының оң сальдосы $9 млрд құрап, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2,4 есе өскенін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны