30.06.2010, 16:35 7350

Қазақстанның тау-кен саласындағы өндіріс көлемі 2015 жылы екі есеге өседі Назарбаев

"Үстіміздегі жылы Қазақтанның бесжылдық жеделдетілген индустриаландыруы басталды",- деп еске сала кетті Н. Назарбаев.

Астана. 30-маусым. Kazakhstan Today Қазақстанның тау-кен саласындағы өндіріс көлемі 2015 жылы екі есеге өседі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев минералды ресурстар мен металлургия саласындағы бірінші қазақстандық халықаралық конгресі барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Үстіміздегі жылы Қазақтанның бесжылдық жеделдетілген индустриаландыруы басталды",- деп еске сала кетті Н. Назарбаев.

Президенттің бағалауынша, аталмыш бағдарлама жобаларының жүзеге асырылуы "ішкі металлургия өнімдерін тұтыну көлемінің күрт өсуіне әкеп соқтырады, сондай-ақ тапсырыс көлемі де өте жоғары".

"Осыған байланысты Қазақстанның жеделдетілген индустриаландыру бағдарламасында тау-кен кешендерінің алдына өнім көлемін 2008 жылғы деңгейге жеткізіп, екі есеге өсіру міндеті қойылған",- деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2015 жылы темір шығару көлемі жылына 10 млн тоннаға дейін, феррохром 440 мың тоннаға дейін, алюминий 250 мың тоннаға дейін өседі.

Сонымен қатар, Қазақстан 2015 жылы "жылына 70 мың тонна алтын өндіре алады",- деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны