17.04.2007, 14:08 4211

Қазақстанның ЖІӨ 2015 жылы 300 млрд АҚШ долларына жетуге тиіс - ҚР вице-премьері

АСТАНА. 17 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2015 жылы 300 млрд АҚШ долларына жетуге тиіс. Бұл туралы Астанадағы үкімет отырысында вице-премьер - экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин мәлім етті.

А. Мусиннің айтуынша, инвестицияның көлемі 8 жыл ішінде 127 млрд АҚШ долларын, немесе жылына 15 млрд АҚШ долларын құрауға тиіс, осы мерзімде экономикалық өсім 15 пайыздан кем болмаға тиіс.

Сонымен қатар, 2015 жылы Қазақстан дүниежүзілік мұнай және газ өндіруші алғашқы ондыққа кіруге тиіс. "Бұл біздің мұнай мен газ өндіру көлемін екі есеге өсіруімізді қажет етеді",- деп атап өтті ол. "Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемі де екі есеге артуы қажет. Сондықтан ЖІӨ құрылымындағы өңдеу секторының өсімі үстіміздегі жылмен салыстырғандағы 40 пайызға жетуге тиіс",- деп атап көрсетті А. Мусин.

Сонымен қатар, 2015 жылға дейін "ЖІӨ құрылымындағы ғылыми сыйымдылығы мол, жоғары технологиялық өндірістің үлесі кемінде алты есеге өсуге тиіс",-деді ол.

"Ұлттық банк жүйесі Қазақстанның барлық Орталық Азия өңіріндегі қаржы орталығына айналуын қамтамасыз етуге міндетті",- деп атап көрсетті вице-премьер.

"Еліміздің ауыл шаруашылығы Шығыс Еуропалық елдерің өндіріс деңгейіне жетуге тиіс, және Қазақстан дүниежүзілік астық экспорттаушылардың бестігіне кіруге тиіс",-деп атап өтті вице-премьер. А. Мусин "өндірістің электр сыйымдылығын төмендету үшін электр энергиясы жүйесін реформалау қажет", деп санайды. "Бұл үшін Қазақстан дүниежүзілік транспорттық-коммуникациялық жүйенің құрамдас бөлігіне айналуы қажет",- деп атап көрсетті ол. "Ол үшін біз құрлық аясындағы және трансқұрлықтық тасымалдауларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи магистральдар желісін салуымыз қажет",- деп атап өтті вице-премьер.

Сонымен қатар, ЖІӨ құрылымында шағын және орта бизнес өндірісінің үлесін 2015 жылы 40 пайызға, ал сыртқы сауда көлемі кемінде екі есеге өсіру қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны