01.11.2012, 10:56 4302

Қазан айында ең төменгі күнкөріс шегі 18 238 теңгені құрады

Бұл көрсеткіш қыркүйек айымен салыстырғанда 1,1% артқан, деп хабарлайды мемлекеттік статистика агенттігі.

Алматы. 1-қараша. Kazakhstan Today - Биылғы жылдың қазан айында Қазақстандағы төменгі күнкөріс шегі 18 мың 238 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл көрсеткіш қыркүйек айымен салыстырғанда 1,1% артқан, деп хабарлайды мемлекеттік статистика агенттігі.

Мамандардың айтуынша, өткен айда төменгі күнкөріс шегінің 10 мың 947 теңгесі азық-түлік тауарларының еншісінде, қалған 7295 теңге азық-түліктік емес тауарлар мен ақылы қызметке бөлінген.

Қазанда ең төменгі күнкөріс шегінің 21,6 пайызы ет пен балық, 14,5 пайызы - сүт, май өнімдері мен жұмыртқа өнімдері, 14,8 пайызы - жеміс пен көкөніс, 7,1 пайызы - нан өнімдері мен жарма өнімдері, 2 пайызы - қант, шай мен дәмдеуіштерге бөлінген.

Хабарламаға сүйенсек, өткен айда 13 жасқа дейінгі балалар үшін ең төменгі күнкөріс шегі 15 мың 815 теңге, 14-17 жастағы жасөспірімдер үшін - 22 мың 800 теңге, осы жастағы қыз балалар үшін - 17 мың 466 теңге, еңбекке қабілетті ер азаматтар үшін - 21 мың 472 теңге, әйелдер үшін - 17 мың 36 теңге, зейнеткерлер мен қарт кісілер үшін - 16 мың 925 теңгені құраған.

Қазақстан халқының саны 16,8 млн асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны