23.11.2012, 17:37 2847

Қазатомөнеркәсіп пен ТВЭЛ уран байыту бойынша бірлескен жобаның шешуші құжаттарына қол қойды

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ мен "ТВЭЛ" ААҚ арасындағы акционерлік және опциондық бұл келісім "УБО" ЖАҚ акционерлерінің құқықтарын іске асыруды, акцияларды меншіктен шығару шарттары мен "УБО" ЖАҚ басқару тәртібін реттейді және тараптардың жобаның қорытындылаушы кезеңіне өтуіне мүмкіндік береді.

Мәскеу. 23-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Мәскеуде "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясының Басқарма төрағасы Владимир Школьник пен Росатомның "ТВЭЛ" отын компаниясының Президенті Юрий Оленин Уран байыту орталығы (УБО) жобасының балама нұсқасын іске асыру үшін қажет болған шешуші заңдық күші бар құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ мен "ТВЭЛ" ААҚ арасындағы акционерлік және опциондық бұл келісім "УБО" ЖАҚ акционерлерінің құқықтарын іске асыруды, акцияларды меншіктен шығару шарттары мен "УБО" ЖАҚ басқару тәртібін реттейді және тараптардың жобаның қорытындылаушы кезеңіне өтуіне мүмкіндік береді.

Келесі кезеңде "УБО" ЖАҚ "УЭХК" ААҚ акциялар пакетін (25%+1 акция) сатып алады, одан кейін бірлескен кәсіпорын үшін жылына 5 млн. ЕРР-ға дейінгі көлемдегі уран байыту қызметіне кіруге жол ашылады. Тараптар УБО жобасының балама нұсқасын іске асыру аясында өнім жеткізіп беруді 2013 жылдың екінші жартыжылдығында бастауды жоспарлап отыр.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптардың УБО жобасын іске асыру туралы келісіміне 2006 жылы 7-ші желтоқсанда қабылданған Атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасы негіз болып отыр. Онда Қазақстан аумағында 6 мың тонна уран өндіретін бірлескен кәсіпорын және Ресей аумағында оны өңдеуге 5 млн. ЕРР қуатына ие уран байытатын бірлескен кәсіпорын құру көзделген болатын. Бұған дейін 2010 жылы 5 шілдеде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ және "Росатом" мемлекеттік корпорациясы УБО" ЖАҚ бірлескен кәсіпорнының "Уральск электрохимия комбинаты" ААҚ-ның жарғылық капиталына қатысуын қарастыратын балама нұсқасы бойынша УБО Жобасын іске асыру туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны