30.05.2016, 13:17 4036

Қазатомөнеркәсіп "Санды кеніш" жүйесін іске қосты

Ұлттық атом компаниясы "Қазатомөнеркәсіп-Сауран" еншілес кәсіпорнында "Ақылды" кенішті пайдалануға қосты. Уран өндіру және қайта өӊдеу процесін енді ақпараттық жүйе бақылайды

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Ұлттық атом компаниясы "Қазатомөнеркәсіп-Сауран" еншілес кәсіпорнында "Ақылды" кенішті пайдалануға қосты. Уран өндіру және қайта өӊдеу процесін енді ақпараттық жүйе бақылайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Санды кеніш" деп аталатын жоба компанияда трансформация бағдарламасы шеӊберінде әзірленді және ақпараттық жүйені білдіреді. Бұл іс жүзінде приборлар мен жабдықтардыӊ датчиктерінен ақпаратты жинап талдауды, уран өндіру кезінде қолданылатын химиялық реагенттерініӊ санын алыстан бақылап реттеуге мүмкін береді.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевтіӊ айтуынша, "бұл жүйе іске қосылған бірінші еншілес кәсіпорын. Оныӊ негізгі мақсаты - өндірістік қызметіміздіӊ тиімділігін арттыру. Аталған жүйе оӊтайлы өндірістік процесті қамтамасыз етеді, реагенттердіӊ үнемді шығындалуын қадағалайды, жабдықтардыӊ тұрып қалуын қысқартады, штаттан тыс жағдайларды жедел анықтап айқындауға көмектеседі. Шетелдік әріптестеріміздіӊ тәжірибесі бойынша, өндірістіӊ ұқсас автоматтау және бақылау процестері есебінен компания бюджеттіӊ 15%-на дейін үнемдейді.".

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Талғат Исмағамбетов түсіндіргендей, жүйе адам факторын барынша азайтып өндірістіӊ онлайн бақылауын қамтамасыз етеді. Жүйе өндірістік жоспарлардыӊ орындалуын талдап, ауытқуларды уақытылы табуға мүмкін береді және ауытқу себептерін анықтауға көмектеседі.

"Бұрын ұӊғыманыӊ өнімділігі жағдайы туралы деректерді жинақтау мен талдауға бірнеше күн кететін. Аппаратшылар барлық блоктарға барып, шығындарды өлшейтін приборлардыӊ көрсеткіштерін жазып алатын және кезектен кейін көрсеткіштерді деректерді шоғырландыруға жауапты адамға тапсыратын. Жинақталған деректер аптасына бір рет талданатын. Мысалы, деректер келтірілген үлкен кестеге қарап өнімділік жүйелі түрде төмендеп, белгілі мөлшерден кем деӊгейде тұрған ұӊғымаларды анықтау қажет болатын. Бұл көп уақыт алатын, қазір оныӊ барлығы автоматты түрде жасалады. Жүйе шығын өлшейтін прибордан көрсеткіштерді жазып алады да ұӊғымалардыӊ өнімділік қарқынын өзі бақылап отырады. Және де нормадан ауытқыған жағдайда тиісті хабарлама жолдайды. Барлық процестер минуттар ішінде орындалады", - деп түсіндірді Исмағамбетов.

Тиісінше, Санды кеніш өндірістегі барлық датчиктерден деректерді жедел жинап қана қоймай, жүйеге түсетін барлық ақпаратты талдай алады.

"Нәтижесінде, жүйе енгізілгенге дейін өнімділігі төмендеген сәттен бастап ұӊғыманы жөндеуге бір-екі апта кететін болса, қазір ол 2-3 есе жылдамырақ жөнделеді. Бұл өндіріс тиімділігініӊ артуына ықпал етеді." - деп ойын түйіндеді Талғат Исмағамбетов.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Ақпараттық технологиялар департаментініӊ директоры Азат Игенберлин "жүйе реагенттердіӊ шығынын да қадағалауды мүмкін береді", деп пікірімен бөлісті. "Бақылаудағы реагенттер шамадан тыс пайдаланылып жатса, жүйе тиісті хабарлама жібереді. Бұл хабарлама жауапты қызметкердіӊ жағдайды уақытылы анықтауына және оған ықпал етуіне мүмкіндік береді".

Сондай-ақ, "Санды кеніште" ЖПК (жабдықтарды пайдалану коэффициенті) есеп айырысу функционалы іске асырылғанын атап өту керек, бұл жабдықтардыӊ қаншалықты жүктелгенін қадағалауға, тұрып қалуды төмендетуге және жөндеу жұмыстарын оӊтайландыруға мүмкін береді.

Алдағы уақытта аталған жүйе Қазатомөнеркәсіптіӊ барлық өндірістік кәсіпорындарына енгізіліп, мультипликативті әсер туындайды. Өндірістік көрсеткіштер мен тиімділік сапалы жаӊа деӊгейге шығарылады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны