15.09.2016, 11:02 3553

ҚазАвтоЖол француздық сарапшылармен Қазақстанда ақылы жолдарды енгізуді талқылады

Қазіргі күні "ҚазАвтоЖол" ұлттық операторы Тайвань, Түркия, Австрия, Мажарстан, Франция, Оӊтүстік Корея, Жапония, Қытай және Ресейден келген әлемдегі жетекші жоғары жылдамдықты автомобиль жолдары басқармасыныӊ өкілдерімен кеӊестер өткізуде.

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-да төлем өндіріп алудыӊ жүйесін талқылау үшін "G.E.A." француз компаниясыныӊ өкілімен кездесу өткізді. Осындай жүйе Астана-Шу автожолдарында жұмыс істейді, деп хабарлады Ұлттық компания.

Кездесу барысында қазіргі күні елімізде автожолдарды қайта жөндеу мен құрылыс жұмыстары үлкен көлемде жүргізіліп жатқандығын "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Талғат Адуов айтты.

Техникалық санаты өскен жолдардыӊ ұзындығы ұлғайды және олар пайдалануда ерекше тәсілді талап етеді.

"Ақылы жолдардыӊ учаскелерінде тиісті тәжірибе бар",-деді Талғат Адуов.

Қазіргі күні "ҚазАвтоЖол" ұлттық операторы Тайвань, Түркия, Австрия, Мажарстан, Франция, Оӊтүстік Корея, Жапония, Қытай және Ресейден келген әлемдегі жетекші жоғары жылдамдықты автомобиль жолдары басқармасыныӊ өкілдерімен кеӊестер өткізуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны