25.10.2011, 11:24 3649

Қазылар алқасы рационализаторлық шешім байқауының финалдық ондығын анықтады

"РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ" өнертапқыштық шешім Республикалық байқауының финалдық ондығы анықталған.

Астана. 25-қазан. Kazakhstan Today - Қазылар алқасы рационализаторлық шешім байқауының финалдық ондығын анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің "Ұлттық инновациялық қор" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ" өнертапқыштық шешім Республикалық байқауының финалдық ондығы анықталған.

Байқауды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен, "ҰИҚ" АҚ ұйымдастыруда. Ол екі аталым: "Үздік өнертапқыштық шешім"" және "Өнертапқыштықты өндірісте қолдаудың үздік жүйесі" бойынша өткізіледі. Байқауға қатысу үшін 79 өтініш берілген. Жұмыстардың қорытындысы бойынша сараптау комиссиясы әр аталым бойынша он финалдық жұмысты анықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны