11.02.2008, 16:43 3007

"Қазына" қоры 2008 жылы 1,8 млрд АҚШ доллары сомасында инвестициялық жобалар мақұлдауды жоспарлап отыр - Қор басшысы

"Қазына" қоры 2008 жылы 1,8 млрд АҚШ доллары сомасында инвестициялық жобалар мақұлдауды жоспарлап отыр - қор басшысы

Астана. 11-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ 2008 жылы 1,8 млрд АҚШ доллары сомасында инвестициялық жобалар мақұлдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін қордың басқарма төрағасы А.Дунаев мекеменің алқа отырысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. "2008 жылы 1,8 млрд АҚШ доллары сомасында инвестициялық жобалар мақұлдау жоспарланып отыр",- деді А. Дунаев.

Оның айтуынша, "инвестиция Алматы облысындағы Мойнақ СЭС 3 кезеңді құрылысын жүзеге асыру, Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және жаңарту, Алматы газқұбыры станциясын салу, сонымен қатар Ақтөбе облысында битум өндіру, Астанада премиум тобына жататын жеңіл көліктеріне арналған дөңгелек шығару, Қазақстанда жартылай кристалды кремний шығаратын зауыт салу, Ақтаудың солтүстік бағытындағы халықаралық теңіз сауда айлағын кеңейтудің 2-ші кезеңін жүзеге асыру сияқты энергетикалық жобаларға жұмсалатын болады".

Сондай-ақ А. Дунаев, "Қазынаның" басты міндеті шағын және орта бизнесті дамытуға көмек көрсету болып табылады", деп атап көрсетті. "Қор халықтың шағын несиелерге қол жеткізуін көтеру мақсатында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы микронесиелік ұйымдардың жұмысын қолдамақ",- деп мәлім етті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны