31.05.2007, 13:25 7076

"Қазына" мемлекет пен жеке меншіктің әріптестігінің институционалдық инфрақұрылымын қалыптастыруда

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. "Қазына" тұрақты даму қоры мемлекет пен жеке меншіктің әріптестігінің институционалдық инфрақұрылымын қалыптастыруда. Бұл туралы бүгін "Мемлекет пен жеке меншіктің әріптестігі экономиканы дамыту факторы" атты конференцияда "Қазына" тұрақты даму қоры басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір ""Қазына" тұрақты даму қорының құрамына кіретін Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ Илемдік банкпен және Еуропалық қайта құру және даму институтымен бірлесіп мемлекет пен жеке меншіктің әріптестігінің институционалдық инфрақұрылымын қалыптастыру, соның ішінде PPP-Unit ұйымын құру жұмыстарын жүргізуде",- деді Қ.Келімбетов.

"PPP-Unit - мемлекет пен жеке меншік саланың әріптестігінің жұмыс істеуіне қатысты шараларды жүзеге асыруға, соның ішінде концессиялық жобаларды жүзеге асыруға дайындық, оларды ілгерілету және мониторинг жүргізу жұмыстарын жүзеге асыруға тиіс оперативтік орган",- деді "Қазынаның" төрағасы.

Заңнаманы жетілдіру және нормативтік және әдістемелік базаның жобасын жасау жұмыстарының нәтижесінде "заңнамадағы кемшіліктер жойылып, жобаларды ұсыну мен ілгерілету процедуралары мен процестерін стандартқа сәйкестендіру көзделуде".

"Біз сонымен қатар бизнеске мемлекет қолға алған концессиялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз. Даму институттарында тиісті тәжірибе мен ресурстар бар",- деді Қ.Келімбетов.

"Жалпы алғанда мемлекет пен жеке меншік саланың әріптестігіне Қазақстанда заңнамалық, институционалдық және инфрақұрылымдық негізге ие болды. Сол себепті оны экономиканы дамыту және шикізаттан басқа саладағы инвестициялық белсенділікті арттыру мақсаттарында тиімді пайдалану керек",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны