06.06.2008, 12:18 1244

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ басшысының пікірінше ішкі нарыққа мұнай жеткізіп отырған компанияларға экспорттық кедендік баж салығы бойынша жеңілдіктер берілуі керек

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ басшысының пікірінше ішкі нарыққа мұнай жеткізіп отырған компанияларға экспорттық кедендік баж салығы бойынша жеңілдіктер берілуі керек

Атырау. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ басшысының пікірінше ішкі нарыққа мұнай жеткізіп отырған компанияларға экспорттық кедендік баж салығы бойынша жеңілдіктер берілуі керек. Ол мұндай пікірді "Қазэнерджи" қауымдастығы кеңесі отырысының алдында білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің пікіріміз бойынша, экспорттық кедендік баж салығының енгізілуіне байланысты компанияларға дифференциация жүргізілуі керек және ішкі нарыққа мұнай жеткізіп отырған мұнай компанияларына экспорттық кедендік баж салығын төлеуде қандай да бір жеңілдіктер берілуі керек ", -деді А. Балжанов.

"Ағымдағы міндеттерді шешу мақсатында үкімет қысқа мерзім ішінде экспорттық кедендік баж салығын төлеу міндеті жүктелмеген жер қойнауын пайдаланушылардың роялти ставкаларын ұлғайту үшін олармен тікелей келіссөздерді жүргізулері керек ", - деп есептейді "ҚМГ БӨ" басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны