06.06.2008, 10:41 1390

"ҚазМұнайГаз" барлау өндіру" АҚ басшысының пікірінше ҚР экспорттық кеден баж салығы мұнайдан басқа тау-кен шикізатына да енгізілуі керек

"ҚазМұнайГаз" барлау өндіру" АҚ басшысының пікірінше ҚР экспорттық кеден баж салығы мұнайдан басқа тау-кен шикізатына да енгізілуі керек

Атырау. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" -"ҚазМұнайГаз" барлау өндіру"(МГГБӨ) АҚ бас директоры Асқар Балжановтың пікірінше Қазақстанда экспорттық кедендік баж салығы мұнайдан басқа тау-кен шикізатына да енгізілуі керек. Мұндай пікірді ол "Қазэнерджи" қауымдастығы кеңесінің отырысы кезінде білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің пікіріміз бойынша, жалпы сала аясында экспорттық баж салығы тау-кен шикізаттарына оның ішінде мысқа, хромға, қорғасынға т.б. салынуы керек ", - деді А. Балжанов.

Оның пікірі бойынша, тау-кен секторына салынатын баж салығының көлемі мұнайшыларға белгіленген көлеммен тең болуы керек.

"Бұл шамамен әлемдік бағаның 15% тең (экспортталатын шикізат түрлеріне-агенттік түсініктемесі)", -деп анықтап берді ҚМГ БӨ басшысы.

Ол бұл көзқарасты биылғы "жылы тау -кен өндірісімен салыстырғанда, мұнай саласына түсіріліп отырған салық ауыртпалығымен" түсіндірді. Екі сала бір жер қойнауын пайдаланып отыр, екеуі шығарып отырған шикізат қорлары қалпына келмейді, сондықтан менің пікірімше жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу бойынша бірдей ережелерді қолдану әділ болар еді", деді ол.

"Біз үнемі мұнай бағасы шарықтап, шегіне жетті дегенді естіп отырмыз. Бұл рас. Бірақ пайдалы қазба бағалардың көтерілу деңгейіне қарайтын болсақ, соңғы екі жыл ішінде соның ішінде металл құны да, мұнай бағасы да үнемі өсіп отырған ", - деп атап өтті А. Балжанов. "Мысалы, хром құнының өсу қарқыны мұнай бағасынан екі есе асып түсіп отыр", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны