19.09.2007, 14:50 2688

ҚазМұнайГаз бен Халықаралық бағдарламалар орталығы "Болашақ" бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру туралы негіздемелік келісімге қол қойды

ҚазМұнайГаз бен Халықаралық бағдарламалар орталығы "Болашақ" бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру туралы негіздемелік келісімге қол қойды.

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ мен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ "Болашақ" бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру туралы негіздемелік келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Құжатқа ҚазМұнайГаз тарапынан вице-президент - АҚ президент аппаратының бастығы Ұлан Байжанов, Халықаралық бағдарламалар орталығы тарапынан - оның президеті Қадиша Даирова қол қойды.

Ұлан Байжанов түсіндіріп өткендей, аталмыш негіздемелік келісім Қазақстан Республикасы президентінің "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыруды қарастырады. "Біз сондай-ақ шәкіртақы иегерлері үшін практика ұйымдастыру саласында, ҚазМұнайГаз үшін мамандар дайындау саласында, сондай-ақ ұлттық компаниялардың мамандарын жақын және алыс шетелдердегі ең үздік оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудағы ынтымақтастығымызды дамытуды жоспарлап отырмыз",- деп қосты ол.

"Келісімге ҚазМұнайГаздың жоғары білікті мамандар арасынан мамандар тобын құру жөніндегі "Команданы таңдау" жобасы аясында қол қойылды. 100-ге жуық студент осы бағдарлама аясында білім алуда",- деп нақтылап өтті ҚазМұнайГаздың өкілі. "Енді бұл міндетті (мамандарды дайындау - агенттік ескертп.) орталықпен бірлесіп шешеміз деген сенімдемін",- деп қосты ол.

"Біз шетелдерде ертеңгі күні ұятқа қалдырмайтын жоғары білімді мамандарды, соның ішінде мұнайгаз саласы үшін мамандарды дайындауға дайынбыз",- деді өз кезегінде Қ. Даирова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны