02.12.2018, 14:27 5463

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 2018 жылдыӊ тоғыз айындағы қаржылық және операциялық нәтижелерін жариялады

ҚМГ операциялық кірісі 2018 жылдыӊ тоғыз айында 539 млрд теӊгені (1 603 млн АҚШ долл.) құрады, бұл өткен жылдыӊ осындай кезеӊдегі көрсеткіштен 51%-ға жоғары.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today -Қазақстанныӊ жетекші тікелей-интеграцияланған мұнай-газ компаниясы "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - "ҚМГ", "Компания") 2018 жылдыӊ тоғыз айындағы қаржылық және операциялық нәтижелерін жариялайды.

2018 жылдыӊ тоғыз айындағы қаржылық көрсеткіштер :

? Түсім 2017 жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда 62%-ға өсті және 5 207 млрд теӊгені құрады (15 478 млн АҚШ доллары);

? Таза пайда 2017 жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда 2018 жылдыӊ тоғыз айында 43%-ға, 648 млрд теӊгеге дейін (1 927 млн АҚШ доллары) өсті;

? Күрделі шығындар есептік кезеӊ ішінде 272 млрд теӊгені (809 млн АҚШ доллары) құрады, бұл өткен жылдыӊ осындай кезеӊдегі көрсеткіштен 39%-ға төмен;

? EBITDA көрсеткіші 2017 жылдыӊ тоғыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 58%-ға өсті және1 447 млрд теӊгені (4 303 млн АҚШ доллары) құрады;

? Компанияныӊ таза қарызы 2 198 млрд теӊгені (6 055 млн АҚШ доллары) құрады;

? Еркін ақша ағымы 2017 жылдыӊ осындай кезеӊіне қарағанда 95%-ға өсті және 139 млрд теӊгені (414 млн АҚШ долларын) құрады;

? Түзетілген еркін ақша ағымы өткен осындай кезеӊге қарағанда 4%-ға төмендеп, 223 млрд теӊгені (664 млн АҚШ долларын) құрады.

2018 жылдыӊ тоғыз айындағы операциялық көрсеткіштер :

? Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі өткен жылдыӊ осындай кезеӊіне қарағанда 1%-ға 17 642 мыӊ тоннаға дейін (тәулігіне 491мыӊ баррель ) өсті;

? Табиғи және ілеспе газды өндіру өткен жылдыӊ осындай кезеӊдегіден 2%-ға ұлғайып, 6 067 млн м3 құрады;

? Мұнай тасымалдау көлемі 2017 жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 0,4%-ға55 674 мыӊ тоннаға дейін өсті;

? Газ тасымалдау көлемі 2017 жылдыӊ осындай кезеӊіне қарағанда 13%-ға артып, 84 млрд м3 құрады;

? Көмірсутек шикізатын қайта өӊдеу көлемі 14 947 мыӊ тоннаны құрап, өткен жылдыӊ тоғыз айындағы көлемнен 11%-ға артық болды. Осы көрсеткіш қазақстандық мұнай өӊдеу зауыттарындағы 9 895 мыӊ тонна мөлшеріндегі және Румыниядағы KMG International ("KMG I") зауыттарындағы 5 051 мыӊ тонна мөлшеріндегі көлемді қамтиды. Мұнай өнімдері өндірісініӊ жалпы көлемі есептік кезеӊ ішінде 10%-ға артып, 13 931мыӊ тонна болды;

? Мұнай мен конденсат сату көлемі өткен жылдыӊ осындай кезеӊіне қарағанда 5%-ға өсіп, 18 980 мыӊ тоннаны құрады.

Басты оқиғалар:

Корпоративтік оқиғалар

? 2018 жылдыӊ 10 мамырынан бастап "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ныӊ ("ҚМГ БӨ") жаһандық депозитарлық қолхаттары мен жай акциялары Лондон және Қазақстан қор биржаларыныӊ тізімінен шығарылды. ҚМГ ҰК-ға ҚМГ БӨ жай акцияларыныӊ шамамен 99,6%-ы тиесілі.

? 2018 жылдыӊ 13 қарашасында ҚМГ БӨ Директорлар кеӊесініӊ шешімімен артықшылықты акцияларды сатып алу бағдарламасыныӊ мерзімі 2019 жылдыӊ 31 қаӊтарында дейін ұзартылды. ҚМГ БӨ Қазақстан қор биржасында өзініӊ артықшылықты акцияларын қайта сатып алу бағдарламасын 2018 жылдыӊ 13 тамызында жариялаған болатын. 2018 жылдыӊ 16 қарашасындағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ еркін айналымдағы 1 905 209 артықшылықты акцияныӊ 1 058 363 акциясын (немесе 55,6%-ын) жалпы сомасы 13,5 млрд теӊгеге сатып алды.

? KMG I-ге қатысу үлесініӊ 51%-ын сатып алу бойынша ҚМГ мен CEFC China Energy арасындағы мәміле өз күшін жойды. ҚМГ қызмет нәтижелерін толық шоғырландырып, KMG I компаниясын иемдену мен басқаруды жалғастырып жатыр;

? 2018 жылдыӊ қазанында "Қазақстан-Румыния инвестициялық қоры" бірлескен кәсіпорны құрылды. KMG International N.V. қатысу үлесі 80% және "Societatea de Administrare a Participa?iilor ?n Energie S.A." (Румынияныӊ Энергетика министрлігі тағайындаған, энергетикадағы қатысу үлестерді басқаратын компания) қатысу үлесі 20%. Акционерлік капиталдыӊ бастапқы сомасы 5 млн. АҚШ доллары. Қор қызметініӊ мақсаты KMGI компаниясыныӊ жалпы Стратегиясына сәйкес энергетикалық сектордағы инвестициялық жобаларды дамыту болады. ҚМГ-ныӊ (бас компания ретінде) Қазақстан-Румыния инвестициялық қорын қаржыландыру бойынша міндеттемелері жоқ;

? 2018 жылдыӊ қазанында ҚМГ "АстанаГаз ҚМГ" АҚ-дағы (Астана қаласын, еліміздіӊ орталық және солтүстік өӊірлерін газбен қамтамасыз ету үшін "Сарыарқа" магистральді газ құбырыныӊ құрылысы бойынша жобалау компаниясы) "Самұрық-Қазына" ҰИҚ АҚ жай акцияларыныӊ 50%-ын сенімгерлік басқаруға қабылдады. Мақсаты - ҚМГ-ныӊ жинақталған тәжірибесі мен сараптамасын ескере отырып, осы инвестициялық жобаны басқару;

? 2018 жылдыӊ қыркүйегінде ҚТГ мен WALTBAY LTD компаниясы арасында 40 млн АҚШ доллары сомасында "ҚТГ-Тбилисиге" 100% қатысу үлесін сатып алу-сату шарты жасалды;

? 2018 жылдыӊ қарашасында өткізілген электронды сауда-саттықтыӊ нәтижесінде 11 370 млн теӊгеге "Қазақ-Британ техникалық университеті" АҚ-ны сатып алушы анықталды. ҚМГ электронды сауда-саттық нәтижелерініӊ хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде сату процедураларын аяқтауды жоспарлап отыр;

? 2018 жылдыӊ қарашасында халықаралық S&P Global Ratings рейтинг агенттігі ҚМГ рейтингісін "ВВ-/kzA"-дан "ВВ/kzA+" дейін көтерді, болжамы "тұрақты".Осыныӊ нәтижесінде компанияныӊ жеке кредит төлеу қабілетініӊ рейтингісі де (stand-alone credit profile) "b"-ден "b+" дейін жоғарылады;

? 2018 жылдыӊ қарашасында ҚМГ Басқарма төрағасы болып Алик Айдарбаев тағайындалды.

Операциялық оқиғалар

? 2018 жылдыӊ тоғыз айында Қашаған кен орнында ("Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." операторы) мұнай өндіру 2017 жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда 64%-ға өсіп,9 511 мыӊ тоннаны (ҚМГ үлесі - 787 мыӊ тонна) немесе тәулігіне 276 мыӊ баррельді құрады. Бұл өсім 2017 жылдыӊ тамызында шикі газды қабатқа қайта айдау жүйесініӊ пайдалануға берілуіне, сондай-ақ жабдық сенімділігініӊ артуына және пайдалану коэффициентініӊ ұлғаюына байланысты болды. Жобаныӊ операторы кен орнында өндіру деӊгейін ұлғайту үшін газды қайта айдау бойынша қуатты кеӊейту түрлерін зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр;

? 2018 жылдыӊ қыркүйегінде Қарашығанақ жобасыныӊ серіктестері Қарашығанақ қайта өӊдеу кешенініӊ газы бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау жобасын (СПОГ жобасы) бекіту туралы келісімге қол қойды. СПОГ жобасы жылына шикі газдыӊ қосымша 4 млрд текше метрін өӊдеуге және ӨБТК әрекетініӊ мерзімі аяқталғанға дейін жер қойнауынан сұйық көмірсутектіӊ қосымша 10 млн тоннасын өндіруге мүмкіндік береді. Жоба 2021 жылдыӊ соӊында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.СПОГ инвестициялары 1,1 млрд АҚШ долларын құрайтын болады;

? Атырау мұнай өӊдеу зауытында жаӊғырту жобасы шеӊберінде іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталды, технологиялық қондырғылар тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеӊінен өтіп жатыр;

? 2018 жылдыӊ қыркүйегінде Шымкент мұнай өӊдеу зауыты жаӊғыртудыӊ екінші (соӊғы) кезеӊініӊ технологиялық қондырғылары бойыншаіске қосу-реттеу жұмыстарын аяқтады, қондырғылар тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеӊінен өтіп жатыр;

? 2018 жылдыӊ қазан айында ҚТГ және PetroChina International Company Limited Қытайға қазақстандық газдыӊ экспортын жылына 5 млрд текше метрден 10 млрд текше метрге дейін арттыру жөнінде ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.

Қаржылық оқиғалар

? 2018 жылдыӊ қаӊтары мен сәуірінде ҚМГ 2017 жылдыӊ желтоқсанында қол қойылған Теӊізшевройлдіӊ ("ТШО") шикі мұнайын жеткізу туралы шартқа қосымша келісіміне сәйкес 500 млн АҚШ доллары жалпы сомасына алдын ала төлемніӊ қосымша екі траншын алды;

? 2018 жылдыӊ сәуірі мен қыркүйегінде ҚМГ ТШО-дан тиісінше 102 және 85 млн АҚШ доллары көлемінде дививенд алды;

? 2018 жылдыӊ мамырында ҚМГ жиынтықты номиналды көлемі 3,1 млрд АҚШ долларын құрайтын шығарылған еурооблигацияларды мерзімнен бұрын және толық көлемде өтеді, олар 3,25 млрд АҚШ доллары еурооблигацияларды шығару есебінен қаржыландырылған болатын;

? 2018 жылдыӊ 2 шілдесінде ҚМГ 1,6 млрд АҚШ доллары жалпы сомасына 2008 жылы шығарылған облигациялардыӊ толық өтелуін жүзеге асырды;

? 2018 жылдыӊ шілдесінде қол қойылған Аванс беру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісімге сәйкес 2018 жылдыӊ 6 тамызында ҚМГ Қашаған Б.В. 600 млн АҚШ доллары мөлшерінде қосымша аванс алды. Қаражат Солтүстік-Каспий жобасына қатысудыӊ 8,44% үлесі үшін консорциум қатысушылары алдында 844 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі борыштыӊ соӊғы траншын өтеуге бағытталды;

? 2018 жылдыӊ қазанында "Сбербанк России" ЖАО алдындағы 371,4 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі қарыз мерзімінен бұрын толық өтелді.

2018 жылдыӊ 9 айындағы қаржылық нәтижелер

2018 жылдыӊ тоғыз айындағы түсім 5 207 млрд теӊгені (15 478 млн АҚШ долл.) құрады, бұл 2017 жылдыӊ осындай кезеӊдегі көрсеткіштен 62%-ға жоғары. Өсім Брент маркалы мұнайдыӊ орташа бағасыныӊ 39%-ға өсуіне және KMG I мұнайы мен мұнай өнімдері трейдингі көлемініӊ ұлғаюына, АҚШ долларына шаққанда теӊгеніӊ құнсыздануына, сондай-ақ газды экспортқа шығару көлемініӊ өсуіне негізделген. KMG I мұнайы мен мұнай өнімдерін сатудан түскен түсімі 2018 жылдыӊ тоғыз айында, тиісінше, 1 342 млрд теӊге (3 988 млн АҚШ долл.) мен1 688 млрд теӊгені (5 017 млн АҚШ долл.) құрады. ТШО мұнайы мен сұйытылған газын жеткізудіӊ ұзақ мерзімді шарты бойынша түсім 1 158 млрд теӊгеге (3 442 млн АҚШ долл.) дейін ұлғайды. Қазақстандық газды Қытайға экспортқа шығару (ҚТГ мен PetroChina International Company Limited арасында қол қойылған экспорттық шартқа сәйкес 2017 жылдыӊ қазанынан бастап) есептік кезеӊде газды сатудан түскен түсімді 2 еседен көп405 млрд теӊгеге (1 204 млн АҚШ доллары) дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Есептік кезеӊде сатудыӊ өзіндік құны 2017 жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда 61%-ға артып, 3 966 млрд теӊгені (11 790 млн АҚШ долл.) құрады. Өзіндік құнныӊ өсуіне KMG I-діӊ сатып алатын мұнай мен мұнай өнімдерініӊ құны мен көлемініӊ ұлғаюы әсер етті. Бұл зауыттарда өӊдеу көлемініӊ өсуіне және мұнай мен мұнай өнімдерін сату көлемініӊ артуына негізделген. KMG I-діӊ мұнай және мұнай өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығын сомасы 912 млрд теӊгені (2 712 млн АҚШ долл.) құрады. Сондай-ақ, Брент маркалы мұнайдыӊ орташа бағасыныӊ өсуіне және АҚШ долларына шаққанда теӊгеніӊ құнсыздануына байланысты мұнай мен сұйытылған газды жеткізудіӊ ұзақ мерзімді шарты шеӊберінде мұнай мен сұйытылған газды сатып алу шығыны 820 млрд теӊгеге (2 439 млн АҚШ долл) дейін ұлғайды.

ҚМГ операциялық кірісі 2018 жылдыӊ тоғыз айында 539 млрд теӊгені (1 603 млн АҚШ долл.) құрады, бұл өткен жылдыӊ осындай кезеӊдегі көрсеткіштен 51%-ға жоғары.

2018 жылдыӊ тоғыз айындағы қауымдасқан компаниялар мен БК-ныӊ таза кірісіндегі ҚМГ үлесі 2017 жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда 87%-ға ұлғайып, 533 млрд теӊгені (1 584 млн АҚШ долл.) құрады. Ұлғаюдыӊ негізгі факторы - ТШО кірісініӊ өсуі, ол есептік кезеӊде өткен жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда 63%-ға ұлғайды. ҚМГ үлесі 338 млрд теӊгені (1 006 млн АҚШ долл.) құрады.

Есептік кезеӊде Компанияныӊ таза кірісі 2017 жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда 43%-ға ұлғайды және 454 млрд теӊгеге (1 350 млн АҚШ долл.) қарсы 648 млрд теӊгені (1 927 млн АҚШ долл.) құрады.

Салық бойынша төлемдер және басқа да міндетті төлемдер 1 005 млрд теӊгені (2 987 млн АҚШ долл.) құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдыӊ осындай кезеӊінен 44%-ға жоғары болды.

Есептік кезеӊде күрделі шығындар 272 млрд теӊгені (809 млн АҚШ долл.) құрады, бұл өткен жылдыӊ осындай кезеӊдегі көрсеткіштен 39%-ға төмен. Бұл төмендеу қарқынды күрделі салымдар кезеӊініӊ аяқталуымен байланысты болды.

Есептік кезеӊде 371 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі "Сбербанк России" ЖАҚ қарызын мерзімнен бұрын өтегеннен кейін Компанияныӊ жалпы қарызы 2017 жылдыӊ 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 7%-ға төмендеп, 4 000 млрд теӊгені (11 023 млн АҚШ долл.) құрады. Қарыздыӊ төмендеуі 2018 жылдыӊ 2 шілдесінде 1,6 млрд АҚШ доллары мөлшерінде Еурооблигацияларды өтеумен байланысты.

Еурооблигацияларды 1,6 млрд АҚШ доллары мөлшерінде өтеу, 371 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі "Сбербанк России" ЖАҚ қарызын мерзімнен бұрын өтеу және ҚМГ БӨ жеке акцияларын сатып алу нәтижесінде Компанияныӊ таза қарызы 2017 жылдыӊ 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 53%-ға ұлғайып, 2 061 млрд теӊгені құрады.

Шоғырландырылған ақша қаражаты мен олардыӊ баламалары, соныӊ ішінде депозит түріндегі ақша қаражаты есептік кезеӊде 34%-ға төмендеп, 1 939 млрд теӊгені (5 339 млн АҚШ долл.) құрады, бұл да ҚМГ БӨ жеке акцияларын сатып алуы нәтижесінде орын алды.

2018 жылдыӊ тоғыз айындағы операциялық нәтижелер

Көмірсутек шикізатын өндіру

ҚМГ-ныӊ мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 2018 жылдыӊ тоғыз айында 17 642 мыӊ тоннаны құрады, бұл өткен жылдыӊ осындай кезеӊдегі көрсеткіштен 1%-ға жоғары. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 2%-ға 6 067 млн м3 дейін өсті.

2018 жылдыӊ қаӊтарынан бастап қыркүйегіне дейін Қашаған кен орнында мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 787 мыӊ тонна мұнай мен 458 млн м3 газды құрады, бұл өткен жылдыӊ осындай кезеӊдегі көрсеткіштен, тиісінше, 64% және 65%-ға жоғары. Кен орнында мұнай мен газды өндіру көлемініӊ артуына 2017 жылдыӊ тамызында шикі газды қабатқа қайта айдау жүйесініӊ пайдалануға берілуі, жабдық сенімділігініӊ артуыжәне пайдалану коэффициентініӊ ұлғаюы өз септігін тигізді.

ТШО-ныӊ мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 2017 жылдыӊ тоғыз айындағы деӊгейінде сақталып, 4 293 мыӊ тоннаны құрады. Газ өӊдеу зауытында күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты газ өндіру 1%-ға азайып, 2 349 млн м3 құрады.

"Қазгермұнай" БК" ЖШС-ніӊ өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 1 352 мыӊ тонна мұнайдықұрады, бұл 2017 жылдыӊ тоғыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 4%-ға кем болды. Газ өндіру 9%-ға төмендеп, 254 млн м3 құрады. Өндіру көлемініӊ төмендеуі мұнай өндіру деӊгейініӊ табиғи жолмен азаюына, сондай-ақ 2018 жылдыӊ сәуір-шілде айларында ілеспе газды алау етіп жағу бойынша шектеу қою салдарынан үлкен газ факторлары байланысты ұӊғымалардыӊ тоқтап қалуына негізделген.

"Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-ніӊ өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 220 мыӊ тонна мұнайды құрады, бұл өткен жылдыӊ осындай кезеӊінен 16%-ға төмен. Мұнай өндіру көлемініӊ азаюы мұнай өндіру деӊгейініӊ табиғи жолмен азаюына, газды лимиттен тыс жағуды бақылау мақсатында бірқатар өндіруші ұӊғымалар бойынша мұнай өндіру көлемініӊ шектелуіне байланысты болды. Осы фактілер газ өндіру көлемініӊ 21%-ға 178 млн м3 дейін төмендеуіне де әсер етті.

Көмірсутек шикізатын сату

ҚМГ-ныӊ мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 2018 жылдыӊ тоғыз айында 18 980 мыӊ тоннаны құрады, бұл өткен жылдыӊ осындай кезеӊдегі көрсеткіштен 5%-ға жоғары болды. Өндірілген жеке мұнайды сату көлемі біршама 2%-ға 15 034 мыӊ тоннаға дейін төмендеді.

2018 жылдыӊ тоғыз айында өндірілген жеке мұнайды ішкі нарыққа жеткізу 4 853 мыӊ тоннаны (кейіннен мұнай өнімдерін сату үшін МӨЗ-дерге шикі мұнайды жеткізуді қоса алғанда) құрады. Бұл өткен жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда 9%-ға өсті. Бұл көрсеткіш қазақстандық МӨЗ-дерде мұнай өӊдеу көлемініӊ ұлғайғаннан кейін ішкі нарыққа мұнай жеткізу міндеттеріне байланысты ұлғайды.

Мұнай мен газды тасымалдау

ҚМГ магистральді құбырларымен мұнай тасымалдау көлемі өткен жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда 2018 жылдыӊ 9 айында0,5%-ға ұлғайып, 50 716 мыӊ тоннаны құрады (ҚМГ үлесін есептегенде) .

Мұнайды магистральмен тасымалдау көлемініӊ өсуін "Каспий Құбыр Консорциумы" (КҚК) көрсете білді, бұған өндіру деӊгейі ұлғайып, нәтижесінде Қашаған кен орнынан мұнай тапсыру көлемініӊ артуы себеп болды. 2018 жылдыӊ тоғыз айында КҚК мұнайды магистральмен тасымалдау көлеміндегі ҚМГ үлесі 9 309 мыӊ тоннаны құрады, бұл өткен жылдыӊ осындай кезеӊдегі көрсеткіштен 11%-ға жоғары.

Мұнайды теӊіз көлігімен тасымалдау 2017 жылдыӊ тоғыз айымен салыстырғанда 1%-ға, 4 958 мыӊ тоннаға дейін төмендеді.

Есептік кезеӊде ҚМГ магистральді газ құбырлары бойынша газ тасымалдау көлемі өткен жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда 13%-ға ұлғайып, 84,0 млрд м3 құрады. Магистральді газ құбырлары бойынша газ тасымалдаудыӊ жалпы көлемініӊ ұлғаюы негізінен газды экспортқа тасымалдау көлемініӊ ұлғаюына байланысты болды.

Экспорт бағытына қарай газ тасымалдау көлемі өткен жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда 26%-ға ұлғайып, 15,1 млрд м3 құрады. Бұл өсу Қытай Халық Республикасыныӊ (ҚХР) бағытында газды тасымалдау көлемініӊ артуы, соныӊ ішінде ҚГТ мен PetroChina International Company Limited арасында қол қойылған экспорттық шартқа сәйкес, 2017 жылдыӊ қазан айынан бастап қазақстандық газды ҚХР-ға сату көлемініӊ ұлғаюы нәтижесінде орын алды.

Қайта өӊдеу

2018 жылдыӊ тоғыз айында көмірсутек шикізатын қайта өӊдеу көлемі 14 947 мыӊ тоннаны құрады, бұл өткен жылдыӊ осындай кезеӊінен 11%-ға жоғары.

2018 жылдыӊ қаӊтар-қыркүйек айларында қазақстандық мұнай өӊдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын қайта өӊдеу көлемі өткен жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда 8%-ға өсті. Бұл көрсеткіш мұнайды ішкі нарыққа жеткізу бойынша жер қойнауын пайдаланушылардыӊ міндеттерін арттыру және мұнай өӊдеу зауыттарында өндірісқуатыныӊ ұлғаюы есебінен ұлғайды:

? Атырау мұнай өӊдеу зауытында (АМӨЗ) 3 943 мыӊ тонна, өсім 16%;

? Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) 3 911 мыӊ тонна, өсім 2%;

? Шымкент мұнай өӊдеу зауытында (ПҚОП) 1 714 мыӊ тонна, ұлғаю 4%;

? CaspiBitum-да 327 мыӊ тонна, өсім 17%.

KMGI зауыттарында қайта өӊдеу 5 051 мыӊ тоннаны құрады, бұл 2017 жылдыӊ осындай кезеӊдегі көрсеткіштен 19%-ға жоғары:

? Петромидиязауытында (Румыния) 4 738 мыӊ тонна, өсім 19%. Бұл көрсеткіш ауа-райыныӊ қолайлы жағдайларына және 2018 жылдыӊ тоғыз айында зауыт қызметін оӊтайландыру бойынша енгізілген бастамаларға, сондай-ақ 2017 жылдыӊ осындай кезеӊінде зауыт қызметініӊ тоқтауына байланысты жоғары болды;

? Вега зауытында (Румыния) 314 мыӊ тонна, өсім 19%, бұл қайта өӊдеу мақсатында Петромидия зауытынан шикізат жеткізілімін ұлғайту нәтижесінде болды.

Қазақстанныӊ мұнай өӊдеу зауыттарында аяқталған жаӊғырту жобасыныӊ нәтижесінде қайта өӊдеу тереӊдігін жоспарлы жобалық көрсеткіштерге дейін кезеӊ-кезеӊімен ұлғайтужалғасып жатыр. 2018 жылдыӊ қаӊтар-қыркүйек айларында 2017 жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда қайта өӊдеудіӊ орташа тереӊдігініӊ ұлғаюы байқалуда. АМӨЗ-де 64%-дан 69%-ға дейін, ПМХЗ-да 77%-дан 79%-ға дейін. 2018 жылдыӊ тоғыз айында ПҚОП-та қайта өӊдеу тереӊдігі 2017 жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Өйткені ПҚОП жаӊғырту жұмыстары 2018 жылдыӊ қыркүйегінде ғана аяқталды.

2018 жылдыӊ тоғыз айында мұнай өнімдері өндірісініӊ көлемі 10%-ға өсіп, 13 931 мыӊ тоннаны құрады.

2018 жылдыӊ қаӊтар-қыркүйек айларында Қазақстанныӊ мұнай өӊдеу зауыттарында мұнай өнімдері өндірісініӊ көлемі өткен жылдыӊ осындай кезеӊімен салыстырғанда, қайта өӊдеу көлемініӊ ұлғаюына байланысты 5%-ға 8 984 мыӊ тоннаға дейін артты:

? бензин 2 380 мыӊ тонна, 26%-ға өсті;

? дизель отыны 2 861 мыӊ тонна, 5%-ға өсті;

? әуе отыны 152 мыӊ тонна, 36%-ға артты;

? өзге мұнай өнімдері 3 591 мыӊ тонна, 8%-ға ұлғайды.

KMGI зауыттарында мұнай өнімдері өндірісініӊ көлемі 4 947 мыӊ тоннаны құрап, қайта өӊдеу көлемініӊ артуына байланысты өткен жылдыӊ осындай кезеӊдегі көрсеткіштен 20%-ға жоғары болды:

? бензин 1 262 мыӊ тонна, 27%-ға өсті;

? дизель отыны 2 201 мыӊ тонна, 14%-ға өсті;

? әуе отыны 248 мыӊ тонна, 40%-ға артты;

? өзге мұнай өнімдері 1 484 мыӊ тонна, 17%-ға ұлғайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны