04.09.2012, 10:04 3174

"ҚазМұнайГаз" жанармай бекеттерінің саны 2015 жылға қарай 348 дейін жеткізбек

"ҚазМұнайГаз" жанармай бекеттерінің саны 2015 жылға қарай 348 дейін жеткізбек

Астана. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" жанармай бекеттерінің саны 2015 жылға қарай 279-дан 348 дейін жеткізбек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Болашақта біз бөлшек сауда желісін дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын іс жүзіне асыруды көздеп отырмыз. Осы негізде "ҚазМұнайГаз" брендімен жұмыс істейтін жанармай құю стансаларының санын 2015 жылға қарай 348-ге дейін көбейту жоспарланған. Айта кету керек, 2010 жылы ол 279 болатын. Ал Қазақстанның мұнай өнімдері бөлшек сауда нарығындағы ұлттық компанияның үлесі 2015 жылы 19 пайыз, одан кейінгі жылдары 32 пайыз құрады", деп мәлім етті "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ляззат Қиынов "Литер" газетіне берген сұхбатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны