19.03.2012, 12:15 3650

ҚазМұнайГазға Мексика шығанағындағы мұнайды өңдеумен айналысу ұсынылды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, елші ҚазМұнайГаз Мексика шығанағының куба бөлігіндегі мұнай кен орнын өңдеумен айналысуды бастауға болатындығын мәлім еткен.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - ҚазМұнайГазға Мексика шығанағындағы мұнайды өңдеумен айналысу ұсынылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Кубаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Абелардо Фабио Эрнандес Феррер Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесуінде мәлім етті.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, елші ҚазМұнайГаз Мексика шығанағының куба бөлігіндегі мұнай кен орнын өңдеумен айналысуды бастауға болатындығын мәлім еткен.

"Илі де мол мүмкіндіктер бар. Өткені, біздің мемлекет Мексикан шығанағында тұр Мексикан шығанағы үш бөлікке бөлінеді. Соның америка бөлігі мен куба бөлігінде мұнай бар. Алайда бізде оны игеретін технология болмай тұр", - деді елші.

"Сондықтан ҚазМҰнайГаз сияқты алып компаниялар біздің аумақтағы мұнайды өндіруге қызығушылық танытса деймін" , деп түйіндеді сөзін Феррер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны