19.03.2009, 16:49 3331

Kaznex басшысының пайымдауынша, Қазақстанның сауда қызметін реттеу жөніндегі заңы еліміздің экспортын не ынталандырмайды, не болмаса қолдамайды

Kaznex басшысының пайымдауынша, Қазақстанның сауда қызметін реттеу жөніндегі заңы еліміздің экспортын не ынталандырмайды, не болмаса қолдамайды

Астана. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі Kaznex корпорациясы басқармаларының төрағасы Ерлан Арыновтың пайымдауынша, Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу жөніндегі" заңы еліміздің экспортын не ынталандырмайды , не болмаса қолдамайды. Бұл туралы ол бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Илемдік тәжірибені зерттеу нәтижесі бойынша біз өңдеу саласындағы өнім экспорттаушылардың қызметін реттейтін құқықтық базаға талдау жүргіздік. Қазақстанның осы саладағы басты заңы - сауда қызметін реттеу туралы заңда Қазақстанның экспортын қолдау және ынталандыру жөнінде ереже жоқ, ол тек реттеу сипатында", - деп мәлімдеді Е. Арынов.

"Бұл заң өндіріс пен экспортты әртараптандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың тиісті дәрежеде шоғырлануы мен өктемдігін қамтамасыз ете алмайды және мемлекет жариялаған экспортқа шығаруға бағдар ұстауды дамыту мақсатын қамтымайды", - деді ол.

Осыған байланысты, Е. Арыновтың айтуынша, Kaznex аталған заңға енгізілетін өзгерістерге қатысты ұсыныстар дайындады. "Kaznex корпорациясының заң шығарушылық бастамасының шешуші мақсаты - шикізаттан басқа өнімдерді экспорттаушыларды қолдау және ынталандыруды құқықтық тұрғыдан бекіту",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны