28.09.2007, 14:35 2958

"KazPrime" индикаторы 3 базалық пунктке көтеріліп - жылдық 9,29 пайызды құрады

"KazPrime" индикаторы 3 базалық пунктке көтеріліп - жылдық 9,29 пайызды құрады

Алматы. 28 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қор биржасындағы 2007-жылғы 28-қыркүйектегі фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы 3 базалық пунктке көтеріліп - жылдық 9,29 пайызды құрады, хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.


Бұрын хабарлағанымыздай, "KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығына 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақша шығару ставкаларының орташа мәнін көрсетеді.

"KazPrime" индикаторы Қазақстан қор биржасында Алматы уақытымен 12 сағатқа дейін күнделікті есептеледі. Ол келісімге қатысушылардың Алматы уақыты бойынша сағат 10 мен 11 аралығындағы индикатордың қалыптасуы туралы Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесіне берген котировкасына сәйкес есептеледі. Котировканың ең төменгі көлемі - 150 млн теңге.

"KazPrime" индикаторын қалыптастыру жөніндегі келісімге қазір ""ТұранИлемБанкі" АҚ, "HSBC Банк Казахстан" АҚ-ның еншілес банкі, "Ситибанк Казахстан"АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ , "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "ДАБ "ABN AMRO Банк Казахстан" АҚ біріккен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны