02.10.2018, 14:59 5036

"ҚазТрансГаз" АҚ 2018 жылдыӊ 3-ші тоқсанындағы қызметтіӊ қорытындысын шығарды

Есептік кезеӊде газ өткізудіӊ көлемі 17.3 млрд. текше метрді құрады. Бұл өткен жылғы ұқсас көрсеткіштен 5 млрд. текше метрге немесе 41%-ға жоғары. Бұл ретте, экспортқа газ өткізу өсімі 4 млрд. текше метрді, оныӊ ішінде газды Қытай Халық Республикасына экспорттық жеткізулер есебінен құрады.

Астана. 2 қазан. Kazakhstan Today - Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ, компаниялар тобыныӊ 2018 жылдыӊ 3-ші тоқсанындағы қызметініӊ қорытындысын шығарды.

Жедел деректерге сәйкес "ҚазТрансГаз" АҚ-ныӊ ағымдағы жылдыӊ 9 айындағы шоғырландырылған таза табысы 118,6 млрд. теӊгені құрады, ол өткен жылдыӊ ұқсас кезеӊіндегіден 72,4 млрд. теӊгеге немесе 156%-ға артық. Алынған пайда Ұлттық операторға қазақтандық тұтынушыларды субсидиялауға (2018 жылы ішкі нарықтағы сауда операцияларынан күтілетін шығын 46 млрд. теӊге), сондай-ақ 560 млрд. теӊге мөлшеріндегі кредиттік портфельге тұрақты қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

ҚазТрансГаз елдіӊ ірі салық төлеушілерініӊ бірі болып табылады. 2018 жылы "ҚазТрансГаз" компаниялар тобы 52,4 млрд. теӊгеден астам сомаға бюджетке салықтар мен өзге де төлемдер төледі.

Есептік кезеӊде газ өткізудіӊ көлемі 17.3 млрд. текше метрді құрады. Бұл өткен жылғы ұқсас көрсеткіштен 5 млрд. текше метрге немесе 41%-ға жоғары. Бұл ретте, экспортқа газ өткізу өсімі 4 млрд. текше метрді, оныӊ ішінде газды Қытай Халық Республикасына экспорттық жеткізулер есебінен құрады.

Магистральдық тасымалдау көлемі 81,5 млрд. текше метрді құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7,6 млрд. м3 немесе 10%-ға жоғары.

"ҚазТрансГаз" АҚ - Қазақстанныӊ газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобыныӊ құрамына газ және оны өӊдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны