28.07.2008, 10:34 1535

"ҚазТрансГаз-Алматы" 1-ші тамыздан бастап бағаның көтерілетінін ескертті - газет

"ҚазТрансГаз-Алматы" 1-ші тамыздан бастап бағаның көтерілетінін ескертті - газет

Алматы. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазТрансГаз-Алматы" 1-ші тамыздан бастап бағаның көтерілетінін ескертті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Вечерний Алматы" газетіне сілтеме жасап.

Газет мәліметінше, келесі айдың басынан бастап табиғи газдың құны Алматы тұтынушылары үшін 1 текше метріне 16,6 теңге болмақ, ал бұған дейін ол 14,79 теңге болатын.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қалалық департаменті монополистің өтінішін қарап жатыр, бірақ, әзірге оны бекіткен жоқ. Дегенмен, "тариф бұрынғы алпы қалады деген сенім аз ", деп жазады басылым.

"Бағаның көтерілу себебі Өзбекстанның газ босату бағасын көтеріп жіберуіне байланысты. Соңғы рет халық үшін тариф 2006 жылдың наурыз айында көтерілген", - деп жазады газет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны