29.05.2013, 15:29 3284

"ҚазТрансОйл" АҚ-ның бір қарапайым акциясына дивиденд мөлшері 75 теңгені құрайды

"ҚазТрансОйл" АҚ-ның бір қарапайым акциясына дивиденд мөлшері 75 теңгені немесе орналастырылған акция бағасының 10,3%-ын құрайды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Астана. 29-мамыр. Kazakhstan Today - "ҚазТрансОйл" АҚ-ның бір қарапайым акциясына дивиденд мөлшері 75 теңгені құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазТрансОйл" АҚ-ның бір қарапайым акциясына дивиденд мөлшері 75 теңгені немесе орналастырылған акция бағасының 10,3%-ын құрайды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

"ҚазТрансОйл" АҚ-ның бір қарапайым акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 75 теңгені және/немесе орналастырылған акция бағасының 10,3%-н құрайды. Дивидендтердің 2012 жылдағы жалпы сомасы 28 млрд 847 млн 669,925 мың теңгені құрады немесе компанияның 2012 жылдағы шоғырландырылған таза пайда мөлшерінің 86%-н құрады", - делінген көліктік компанияның мәлімдемесінде.

Белгілі болғандай, 2012 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ-ның қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылдың 13 маусымында 00 сағат 00 минут уақытындағы жағдай бойынша белгіленетін болады, ал дивидендтерді төлеу 2013 жылдың 04 шілдесінен басталады.

Айта кету керек, компанияның негізгі қызметінен алынған шоғырландырылған кіріс 2011 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға артып, 143 млрд 061 млн теңгені құрады.

Өз алдына, коомпанияның таза пайдасы 33,5 млрд теңгені құрап, 2011 жылдағы нәтижеге қарағанда 29,1%-ға артты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны