07.11.2012, 10:28 3456

"ҚазТрансОйл" магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы болды

"Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 8 қазан №1273 қаулысына сәйкес, "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор болып белгіленді", - делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Астана. 7-қараша. Kazakhstan Today - "ҚазТрансОйл" магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 8 қазан №1273 қаулысына сәйкес, "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор болып белгіленді", - делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (2012 жылдың 3 қарашасында жарияланған).

"Ұлттық оператордың қызметі Қазақстан Республикасында магистральдық мұнай кұбырлары жүйесін дамытуға және оларды тиімді, сенімді әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген ақпаратта.

Магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператордың негізгі міндеттері: өнімді магистральдық мұнай кұбырларымен ішкі және сыртқы нарыққа тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасының және қатынастың басқа да қатысушыларының мүдделерін қамтамасыз ету; магистральдық мұнай құбырлары жүйесін инновациялық дамытуды және оны әлемдік энергетика жүйесіне ықпалдастыруды қамтамасыз ету; мұнай-газ секторын магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау бөлігінде дамытудың мемлекеттік және ұлттық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу.

"Ұлттық оператор дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі меншік иесінің магистральдық құбыры арқылы Қазақстан Республикасының аумағында операторлық қызметтерді көрсету құқығына ие", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ұлттық операторға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі магистральдық құбыр арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тасымалданатын мұнайды басқа мемлекеттердің кұбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету (бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет) құқығына ие.

"ҚазТрансОйл" АҚ - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының ірі мұнай-көлік компаниясы болып табылады, жалпы ұзындығы 8 мың км магистральдық мұнай құбырлары мен су таратқыштардың әртараптандырылған желісіне иелік етеді. "ҚазТрансОйл" елімізде өндірілетін мұнайдың жалпы көлемінің 59% экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны