19.12.2012, 17:54 3006

КCell акциялары Лондон биржасында сатыла бастады

Сауданың басталғаны жария етілген рәсім салтанатты түрде Ұлыбританияда өтті. КCell екі бірдей елдің биржаларына акцияны саудаға шығарған бірінші қазақстандық компанияға айналды. Дәл осындай үдеріс отандық KASE нарығында да өткен болатын. КCell компаниясы жалпы жиыны 25 пайыз акцияларын саудаға шығарып отыр. Қазақстандық компанияның шетелде құнды қағаз сатуы - ел экономикасын диверсификациялаудың айқын көрінісіне айналды, - дейді КCell жетекшілері.

Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстандағы ұялы байланыс қызметінің жетекші операторы КCell компаниясының құнды қағаздарын енді Лондонның қор биржасында сатып алуға болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сауданың басталғаны жария етілген рәсім салтанатты түрде Ұлыбританияда өтті. КCell екі бірдей елдің биржаларына акцияны саудаға шығарған бірінші қазақстандық компанияға айналды. Дәл осындай үдеріс отандық KASE нарығында да өткен болатын. КCell компаниясы жалпы жиыны 25 пайыз акцияларын саудаға шығарып отыр. Қазақстандық компанияның шетелде құнды қағаз сатуы - ел экономикасын диверсификациялаудың айқын көрінісіне айналды, - дейді КCell жетекшілері.

Сауда басталған бірінші күннің өзінде тек қазақстандықтардың ғана емес, шетелдіктердің де компанияға деген үлкен қызығушылығы байқалды. Сауда барысы туралы толыққанды ақпаратпен біздің ертеңгі қорытынды жаңалықтарымызда толығырақ таныса аласыздар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны